Маңғыстауда вагон өртеніп, 6 адам зардап шекті
Маңғыстауда вагон өртеніп, 6 адам зардап шекті

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«14 желтоқсанда таңғы сағат 04:30-да Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментіне Бейнеу ауданы аумағында №109 «Маңғышлақ-Ақтөбе» жолаушылар пойызының жүк вагоны жанғаны туралы ақпарат келіп түсті», – деді ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли. Өртті сөндіруге 30 адам, 7 техника және 1 пойыз жіберілді.    width= Өрт басқа вагондарға таралмау үшін жүк вагоны жолаушылар вагонынан ажыратылған.

«Өрт салдарынан 5 адам, оның ішінде 1 бала түрлі дәрежедегі күйік алған. Барлық зардап шеккендер жүк вагонында болған. Зардап шеккендер Бейнеу ауылындағы орталық ауруханаға жеткізілді», – деді Талғат Уәли.

Өрттің шығуына жүк вагонындағы газ баллонының жарылуы себеп болған.    width= Сағат 07.19-да өрт сөндірілді. Жүк вагоны толығымен жанып кетті.

Фото: ТЖМ-нен алынды