Балқаш маңында жол апатына ұшыраған жолаушылардың жағдайы белгілі болды
Балқаш маңында жол апатына ұшыраған жолаушылардың жағдайы белгілі болды

Кеше Балқаш маңындағы Гүлшат кенті тұсында автобус аударылды. Салонда 11 жолаушы және 1 жүргізуші болған.

«Балқаш» трассалық медициналық-құтқару пункті зардап шеккен 6 адамды ауруханаға жеткізді.

«13 желтоқсанда жол апатынан 8 адам зардап шекті. Миы шайқалған бір адам ауруханаға жатқызылды. Екеуі тексеруден бас тартты. Бесеуі түрлі жарақатпен амбулаториялық емделуге жіберілді. Зардап шеккендердің барлығы – Қазақстан азаматтары» делінген басқармасының ресми хабарламасында.