Қостанай облысында қасқыр талаған әйел ауруханаға жеткізілді
Қостанай облысында қасқыр талаған әйел ауруханаға жеткізілді

Қостанай облысы Жангелдин ауданында 1991 жылы туған әйелді қасқыр талады.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ксения Жилкибаеваның айтуынша, оқиға Ақкөл ауылы маңында қыстақта болған.

Қасқыр үйінен шыққан әйелге тап берген.

Әйел ауруханаға жеткізілді.