Қазақстанда Жастар күнін енгізу ұсынылды
Қазақстанда Жастар күнін енгізу ұсынылды
191
оқылды

Айта кетейік, 11 желтоқсан күні еліміздің түкпір-түкпірінен жастар бейнеконференция арқылы Қазақстанның ең ірі жастар ұйымының мерейтойлық cъезіне қатысты.

Оның жұмысына Жастар қанатының өңірлік филиалдарының өкілдері, жастар ұйымдарының көшбасшылары, шығармашылық, ғылыми, жұмысшы және ауыл жастарының өкілдері, белгілі қазақстандық спортшылар, мәслихат депутаттары қатысты. Сондай-ақ cъезге Тұңғыш Президенті – Елбасы, Nur Otan партиясының Лидері Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. Съезд шеңберінде жастар мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асырудағы жастардың рөлін талқылады, 2025 жылға дейінгі «Жастар – Отанға!» бағдарламасын қабылдап, ұйымның жарғылық құжаттарына өзгерістерді бекітті, сонымен қатар Орталық Кеңестің жаңа құрамын сайлады.    width= Съезд аясында қабылданған «Жастар – Отанға!» бағдарламасы – бұл партия мен Jas Otan-ды қайта жаңғырту, жаһандану және жастарды дамытудың әлемдік трендтеріне сәйкес келетін нақты шаралар кешені. Бағдарламаның ерекшелігі оның Жол карталарында, соның арқасында жастар еліміздің ең шалғай аудандарында да жақын арада не жасалынатынын біле алады. 2025 жылға дейінгі «Жастар – Отанға!» бағдарламасында ұйымның жаңа мақсаттары мен міндеттері анықталып қана қоймай, Jas Otan ЖҚ қызметі мен жетістіктеріне сапалы талдау жасалған. Сондай-ақ, Жастар қанаты бағдарлама аясында Қазақстанда Жастар күнін және «Жас ғалым», «Жас отбасы» ұғымдарын заңнамалық деңгейде бекітуді ұсынды. «2025 жылға қарай он қазақстандық университетті QS World University рейтингісінің үздік 500 тізімінің қатарына енгізу, орта білім беру ұйымдарындағы барлық түлектерді 100% кәсіби бағдармен қамтамасыз ету, жоғары білім саласындағы сыбайлас жемқорлықпен жүйелі түрде күресу көзделіп отыр. Сонымен қатар біз «Жас ғалым» ұғымын заңды түрде бекітуге қол жеткіземіз.    width= Сонымен қатар, өңірлерде жас отбасыларға пәтер алу мүмкіндігін кеңейтетін аймақтық бағдарламалар қабылдау, 2025 жылға дейін жаңа жатақханалар салу және «Жас отбасы» ұғымын заңды түрде енгізу жоспарланған. Бұдан басқа, халықаралық жастар күнімен сәйкес, біз жасотандықтар Қазақстанда 12 тамызды Жастар күні деп бекітуді ұсынамыз», - деп жасотандықтардың лидері Елнұр Бейсенбаев өз сөзінде атап өтті. 20 жыл ішінде «Jas Otan» жастардың барлық санаттарының мүдделерін білдіретін және жас қазақстандықтардың ел игілігі үшін жан-жақты дамуы мен өзін-өзі көрсетуі үшін жағдай жасауды өзінің негізгі мақсаты етіп қойған қазақстандық жастардың локомотивіне айналды. Jas Otan жұмыс істеген уақыт ішінде ұйым қатарында жас, табысты қоғам және саяси қайраткерлердің тұтас бір легі тәрбиеленді. Осылайша, жастар ұйымы көптеген жастардың өмір жолын дамытуға және анықтауға көмектесті. Бүгінгі таңда Jas Otan Жастар қанатының қатарында 105 мыңнан астам жас бар. Ұйымның барлық 14 облыс пен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында филиалдары бар. Өткен кезеңде Jas Otan «Кеңес орталығы», «Таза сессия», «Ардагерлерді ардақтайық», «Jaidarman», Nurintech, Jastar Alany, «Дүйсенбілік футбол», «Сәтті қадам», «Арман ағашы», «Jas Otan Cases», «Еркін пікір» және басқа да жобаларды іске асырды. Жобалар жаңа есімдер беріп, 3 миллионнан астам жастар үшін әлеует ашты, жетістіктер мен жаңа ашылулардың іргетасы болды. Биыл Жастар қанатының 5000-нан астам еріктісі «Біз біргеміз!» жалпы республикалық акциясына қатысты, сондай-ақ волонтерлер Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан зардап шекккендерге көмек көрсетті. Өзінің тынымсыз және тқажырлы еңбегінің арқасында 3000-ға жуық волонтер Елбасының Алғыс хаттарымен марапатталды. Айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізген және қоғамның, бизнестің, ғылым мен спорттың, білімнің дамуына үлес қосқан заманауи, табысты, жас қазақстандықтар Съезге қатысушылармен өз жетістіктерінің рецептерімен бөлісті. Jas Otan съезінде «Біргеміз, Мақтаарал!» волонтерлар штабының жетекшісі Өміртай Амалбек, паратаннан Қазақстан Республикасы құрамасының мүшесі Алиева Севда, жас педагог, химия пәнінің мұғалімі Телюқанов Жігер, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Смирнова Екатерина, «Агромашхолдинг KZ» компаниясының бірінші вице-президенті Шукижанова Динара, дәрігер резидент Тілеубек Нұридін және жас кәсіпкер Ералиев Мағжан сөз сөйледі.

Шара барысында ұйымның Жарғысына толықтырулар мен өзгерістер қабылданды, Орталық Кеңестің және бақылау-тексеру комиссиясының жаңа құрамы сайланды.