Басқарма қасқыр талаған әйелдің денсаулығына қатысты мәліметті жариялады

Басқарма қасқыр талаған әйелдің денсаулығына қатысты мәліметті жариялады

Қасқырға таланған 29 жастағы келіншек Жангелдин аудандық орталықтандырылған ауруханасында жатыр.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ксения Жилкибаева: «Әйелді аудандық аурухана дәрігерлері емдеп жатыр. Жағдайы бірқалыпты. Хирургтің тексеруінен өтті. Хирургиялық ота қажет емес. Қасқыр әйелдің қарнынан тістеген. Оған антирабикалық вакцина салынды. Вакцина құтыруға қарсы пайдаланылады», – деді.

Айта кетейік, оқиға Жангелдин ауданы Ақкөл ауылы маңындағы қыстақта болған.