Вагондағы өрттен зардап шеккен 2 науқастың жағдайы ауыр
Вагондағы өрттен зардап шеккен 2 науқастың жағдайы ауыр
130
оқылды

Өрттен зардап шеккендер Бейнеу аудандық орталық ауруханасына жеткізілді.

Аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің міндетін атқарушы Әсия Шонтыбаеваның айтуынша, 2 науқас ауыр халде жатыр.

«Асылбек Махамбетов 1978 жылы туған. «Қазпоштада» жұмыс істейді. Науқастың жағдайы аса ауыр. Денесінің 80%-ын күйік шалған. Беті мен аяқ-қолы күйген. Екінші науқас Қайрат Мақсатұлы 2009 жылы туған. ІІ дәрежелі, денесінің 60 пайызын күйік шалған. Жағдайы өте ауыр», – деді Әсия Шонтыбаева.

Тағы бір науқас орташа ауыр халде ауруханада жатыр.  Үсен Әлібаев 1985 жылы туған. «Қазпоштада» жұмыс істейді. Денесінің 29-30%-ын күйік шалған. Рысбек Әміров 1982 жылы туған. Маңғыстау облысының тұрғыны. Денесінің 20-22%-ын күйік шалған. Мақсат Спамбетов 1989 жыл туған. Денесінің 40-45%-ын күйік шалған.

Айта кетейік, бүгін Маңғыстауда вагон өртеніп, зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.