Сенат төрағасы «Айқынның» журналисін марапаттады
Сенат төрағасы «Айқынның» журналисін марапаттады
156
оқылды

Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Facebook-тегі парақшасында жазды.

«Бүгін «Аманат» және «Туған ел» байқауларының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттадық. Салтанатты рәсімнің Тәуелсіздік күні қарсаңында ұйымдастырылуының символикалық мәні бар. Өйткені, Тәуелсіздік – біздің ең басты құндылығымыз. Егемендіктің арқасында еңселі ел болдық. Отандық бұқаралық ақпарат құралдарының және журналистиканың дамуы да осы Тәуелсіздіктің арқасы екені анық.   [caption id="attachment_95022" align="aligncenter" width="960"]Сенат Фото: М.Әшімбаевтың парақшасынан алынды[/caption] Қазір қоғам үшін ақпараттың орны бөлек. Сын-қатерлер көбейген бүгінгідей заманда оның мәні бұрынғыдан да арта түсті. Сондықтан журналистер қауымына жүктелетін міндеттің салмағы ауыр, маңызы зор екені сөзсіз.

Қазақстандық журналистер осы жауапкершілікті сезініп, өз міндеттерін абыроймен атқарып жүр деуге толық негіз бар. Әсіресе, олардың пандемия кезіндегі еселі еңбегін ерекше атап өткен жөн. Дәрігер, тәртіп сақшыларымен бірге індетпен күрестің алдыңғы шебінде тілшілер де жүргенін бәріміз жақсы білеміз. Мұндай еңбек қашанда жоғары бағаға лайық. Сондықтан байқау комиссиясы жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайтын кезде осы мәселені назардан тыс қалдырған жоқ.

Жалпы, Сенаттың жұмысы бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланысты. Біздер қабылдаған заңдар мен шешімдерді халыққа жеткізуде журналистердің рөлі ерекше. Қазіргі таңда да Мемлекет басшысының тапсырмасымен көптеген заңдар қабылдануда. Соның бәрі азаматтарға бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таралады. Сол себепті, Сенат журналистер қауымымен байланысты одан әрі нығайтып, бұл байқауларды алдағы уақытта дәстүрлі түрде өткізіп тұрады. Бүгін ТМД Парламентаралық Ассамблеясының наградаларына ие болған елімізге белгілі журналистер де марапатталды. Осыған орай барша марапат иелерін құттықтай отырып, зор денсаулық, бақ-береке және шығармашылық табыс тілеймін! Келе жатқан Тәуелсіздік күні құтты болсын! Қазақ елі мәңгілік жасай берсін!», – деп жазды Мәулен Әшімбаев.

Айта кетейік, жеңімпаз журналистер арасында «Айқын» газетінің журналисі Айхан Шәріп арнайы марапатталды.