«Жаңа қаладағы» жаңа нысандар
«Жаңа қаладағы» жаңа нысандар
5,127
оқылды

Кейінгі үш жарым жылда Қызылорда облысында 2 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов осылай деді.

«Биылдың өзінде 48 көп­пәтерлі тұрғын үй құрылы­сы жүргізілуде. 2 000 пәтер, оның 1 738 пәтерлік 40 тұр­ғын үй жыл соңына де­йін, сонымен бірге қазір қар­қын­ды құрылысы жүріп жатқан Сырдария өзенінің сол жа­ға­лауындағы «жаңа қа­лада» іске қосылмақ. Бұған де­йін облысты абыроймен бас­қарған мемлекет және қоғам қайраткері Қырым­бек Көшербаев Елбасы тапсырмаларын, Мем­лекеттік бағдарла­маларды, оның ішінде «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» бағдарламала­рын оңтайлы, сапалы әрі уақытылы орындау мақ­са­тында сол жағалауда жаңа қала салу туралы бас­та­ма көтерген болатын. Сол жағалауды игерудің баста­масы ретінде Сырдария өзені­нің екі жағалауын ұш­тас­­тыратын жаңа көпір іске қосылды» дейді облыс әкімі Қ.Ысқақов.

2018 жылы сол жағалауда Рухани жаңғыру орталығы бой көтерді. Ғимарат 1925 жылы ұлтымызға қазақ ата­уын беру туралы тарихи ше­­шім қабылданған Қазақ Ор­талық Атқару Комитеті бұ­­рынғы ғимаратының сыз­ба­сы негізінде қаланған. Биыл Жастар ресурстық орта­лығы пайдалануға берілді.

Жеке инвесторлардың күшімен сол жағалауды да­мыта отырып, мемлекет үшін де, бизнес үшін де ау­қымды, тиімді жоба іске асы­рылуда. Бюджет есебі­нен тек инженерлік комму­ни­кацияларын тарта отырып, өткен жылы инвесторлар есебінен тұтастай шағын аудан салынды.

«1 064 пәтерлік 22 көп­қабатты тұрғын үй бой көтерді, оның 14-ін (604 пәтер) жеке инвесторлар салды. Одан бөлек, 1 190 пәтерлік 28 тұрғын үйдің құ­рылысы жүргізілуде. Жаңа қаланың жас отбасыларына жағдай жасау үшін 320 орын­дық балабақша са­лын­ды. «Болашақ» универ­си­тетінің кампусы ашылды. Алдағы жылдар ішінде бұл жерде Неке сарайы, да­рынды балаларға арналған физика-математика мектеп-интернаты мен жатақханасы, жабық көпсалалы футбол манежі, музыкалық драма театр, көпсалалы аурухана, сауда-жәрмеңке кешені және тағы басқа нысандар бой көтереді» дейді аймақ басшысы.

Қазіргі таңда Қызыл­орда қаласында 300 тө­­сек­ке арналған көп­бе­йін­­­ді об­лыстық аурухана құ­ры­­­лы­сының (онкологиялық бө­­лі­мімен қоса) жобалық-сме­талық құжаттары әзір­­­ле­ніп, мемлекеттік са­рап­­та­­мадан өткізу жұмыс­та­­­ры жүргізілуде. Жан ба­­­сы­­на шаққандағы бюд­­жет шы­­ғындары бойын­ша Қы­зылорда өңірі респуб­ли­­када 6-орында тұр, ал әлеу­меттік сала шығындары бойынша – 1-орында. Қы­зылорда облысы соңғы 5 жылда әлеуметтік сала рей­тингісі бойынша көшбасшы болып табылады. 2019 жыл­дың қараша айындағы көр­сеткішке сәйкес әлеуметтік сала шығынына 169,5 млрд теңге (56,7%) құрап отыр, бұл тұрғыда денсаулық сақ­тауға 11,4 млрд теңге қаржы жұмсалған.

«Алдымызда – тип­тік емес, бейімделген ғи­марат­тарда орналасқан меди­ци­налық мекемелердің мә­селесін шешу міндеті тұр. Бұл бағытта тиісті жұмыс­тар жүргізілуде. 22 жаңа меди­циналық нысан құры­­лы­сын сала отырып, бұл мә­селені 2025 жылға қарай то­лығымен шешеміз. Со­нымен қатар мамандар тап­шы­лығы мәселесін шешу мақсатында 2016 жылдан бастап облыс әкімінің гран­тын енгіздік, бүгінде 53 ре­зидент Қазақстанның 5 же­текші жоғары оқу орнында білім алуда. Биыл 15 білікті дәрігер аймаққа қа­жетті мамандықтар бойын­ша жұ­мыс істеуде. Ал өткен жыл­дан бастап жалпы прак­ти­кадағы дәрігерлерді оқыту үшін облыс әкімінің арнайы грантын бөліп келеміз, бү­гінде бұл грантты 60 астам ма­ман иеленді» дейді Қуанышбек Ысқақов.

Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету деңгейінде медициналық кө­мек көрсетудің сапасын арт­тыру мақсатында дәрігерлік амбулаторияларды көбейту жұмыстары жүргізілуде. Соңғы 3 жыл ішінде қо­сымша 61 дәрігерлік учаске ашылып, бұл жалпы прак­тикадағы дәрігерге бекітілген халық санын 2017 жылғы 2 200 адамнан бүгінгі күні 1 683 адамға де­йін қысқартуға мүмкіндік беріп отыр. Жыл аяғына дейін бұл көрсеткіш 1 600 адамға дейін, ал 2020 жылы 1 500 адамға дейін жететін болады.

Облыстық көпбейінді аурухананың филиалы ретінде жұмыс істеген Бай­қоңыр қалалық ауруханасы 2019 жылдың маусым айынан бастап жеке заңды тұлға ре­тінде бөлініп шықты.

Сонымен қатар мемле­­кет­тік-жекеменшік әріп­­тес­тік шеңберінде 9 дәрі­гер­лік амбулатория, жер­гілікті бюд­жет есебінен – 4 фельд­шер­лік акушерлік бе­кет, 5 ме­ди­циналық бекет ағым­­­­­­­­­дағы жылы салынуы жос­­­­­­­пар­ланып, оның 4-і пай­­­­­­­­да­лануға берілді. Мем­­ле­­кет­тік-жекеменшік әріп­­­тес­тік шеңберінде об­лыс­­­тық ме­дициналық ор­та­­лы­ғы мен Қазалы ау­да­нара­­лық ау­ру­ханасына ангиогра­фия­лық қондырғы орнатылды.

Айта кету керек, облыс­тағы медициналық ұйымдар компьютерлік техникамен толығымен қамтылды.

 

Миуа НАЗАР,
Қызылорда облысы