"2021 жылы әлемде жаңа эпидемия басталады": Сарапшы болжам жасады
"2021 жылы әлемде жаңа эпидемия басталады": Сарапшы болжам жасады
212
оқылды

Ресейлік дәрігер Павел Фадеев 2021 жылы әлемде туберкулез эпидемиясы басталады деп есептейді, деп жазады «Чита.Ру».

Сарапшының айтуынша, туберкулезден болатын өлім-жітім және ауру көрсеткіші айтарлықтай артады, бұған коронавирус тікелей әсер етеді.

Коронавирус жұқтырып, ауырғандар туберкулез бойынша тәуекел тобына жатады. Иммунитеттің нашарлауы, күйзеліс, өкпенің зақымдануы, ішімдікті шектен тыс ішу және темекіні көп тарту секілді бірқатар фактордың әсерінен туберкулезді жұқтыру қаупі туып отыр.

Сонымен қатар дәрігер жаңа эпидемия адамдар жыл сайын флюорографияға түспей,  соның салдарынан ауруды ерте кезеңінде білмеген соң да басталуы мүмкін деп есептейді.