Әлемде коронавирусты жұқтырғандар саны 70,4 миллионнан асты

Әлемде коронавирусты жұқтырғандар саны 70,4 миллионнан асты

Жер жаһанды жайлаған коронавирус індетіне әлем бойынша 70 млн 461 мыңнан астам адам шалдықты, деп хабарлайды «Хабар 24». Олардың шамамен 1 млн 600 мыңы осы кеселден көз жұмды. Бұл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі. Өткен тәуліктің өзінде 650 мыңға жуық адамнан қауіпті індет анықталып, 10700-ден астамы аурудың құрбаны болды. Бүгінде індеттің жайылуына тосқауыл қою үшін көптеген ел шектеу шараларын одан әрі қатаңдатып, ковидке қарсы шығарылған вакцинаны қолданысқа енгізе бастады.