Елімізде алдағы тәуліктерде қар жауып, күн жылынады

Елімізде алдағы тәуліктерде қар жауып, күн жылынады

"Қазгидромет" РМК 15-17 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

«Еліміздің барлық аумағында негізінен жауын-шашынсыз аязды ауа райын алып келген Сібір антициклоны шығыс бағытта жылжи бастайды. Оның артынан солтүстік-батыс циклон ығысады. Елдің басым бөлігінде қар жауып, жаяу бұрқасын болады, сондай-ақ ауа температурасы көтеріледі», - делінген хабарламада.