Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
Басты бет Жаңалықтар

Тоқаев Мемлекеттік наградалар мен сыйлықтар тапсыруға арналған салтанатты рәсімге қатысты

Мемлекет басшысы өз сөзінде жиынға қатысушыларды Тәуелсіздік күнімен құттықтап,  Тәуелсіздік – мемлекеттігіміздің алтын діңгегі, дербестігіміздің берік негізі екенін атап өтті.

Рая Мінап
Желтоқсан 14, 2020
Жаңалықтар, Қазақстан
Тоқаев Мемлекеттік наградалар мен сыйлықтар тапсыруға арналған салтанатты рәсімге қатысты

Тоқаев Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевты қабылдады

Тоқаев бір топ шенеунікті қызметінен босатты

Тоқаев Татарстан президенті Рустам Миннихановпен кездесті

Мемлекет басшысы өз сөзінде жиынға қатысушыларды Тәуелсіздік күнімен құттықтап,  Тәуелсіздік – мемлекеттігіміздің алтын діңгегі, дербестігіміздің берік негізі екенін атап өтті, – деп хабарлады Ақорданың ресми сайты. 

– Тарихы бай, тамыры терең Қазақ елі үшін бұдан асқан қастерлі құндылық жоқ. Оны ең қымбат қазынаға, ең асыл аманатқа балаймыз. Сондықтан, бабалар аңсаған Тәуелсіздіктің қадірін жан-жүрегімізбен сезінеміз. Егемендік – әр халыққа бұйыра бермейтін баға жетпес бақыт. Тәуелсіздік шежіресі Тұңғыш Президентіміз – Елбасының тарихи тұлғасымен тығыз байланысты, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев пандемия салдарынан еліміздің басты ұлттық мерекесін кең көлемде атап өту мүмкін болмағанын айтты. Азаматтарымыздың денсаулығы, өмірі және әл-ауқаты бәрінен жоғары тұрады. Сондықтан барлық іс-шара шектеулі форматта және онлайн режимде өтеді. Бірақ бұл жағдай Тәуелсіздік күнінің құны мен маңызын еш төмендетпейді.  Президент ұлық мерекенің салтанатты рухы әр шаңырақты шаттыққа бөлеп,  әр қазақстандықтың жүрегін қуанышқа толтыратынына сенім білдірді.

– Президент лауазымындағы менің басты міндетім – әлеуметтік әділдік және халықтың әл-ауқатын арттыру. Сондықтан мемлекеттің күнделікті іс-әрекеті азаматтарымыздың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталады. Биыл 4 миллионға жуық азаматтың зейнетақысы мен әлеуметтік төлемақыларының көлемін өсірдік.  Әлеуметтік сақтандыру төлемақысын 5 пайызға көбейттік. Аз қамтылған отбасылардың 500 мыңнан астам балалары үшін кепілдендірілген әлеуметтік топтама енгіздік. Пандемия кезінде қиын жағдайға тап болған адамдарға қолдау көрсету үшін өңірімізде бұрын-соңды болмаған қадамға бардық. Азаматтарға 42500 теңге көлемінде тікелей төлемақы берілді. Мемлекеттен 4,5 миллионнан астам адам қаржылай көмек алды. Несиелердің шегерілуі 1 миллион 900 мыңға жуық қазақстандықтың дефолтқа түсуіне жол бермеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент геостратегиялық белгісіздік жағдайында мемлекеттердің халықаралық аренадағы саяси өзімшілдігі мен экономикалық ұлтшылдығы күшейетініне назар аударды. Бүгінде халықтардың жаһандық мәртебесі көбінесе технологиялық көшбасшылық үшін болатын қатаң бәсекеде анықталады.

– Ел дамуының сыртқы және ішкі міндеттерінің өзара үйлесімді ұштасуының маңызы артып келеді. Біз Қазақстанның шынайы бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін барлық күш-жігерімізді және ресурстарымызды жұмылдыруымыз қажет. Бүгінде ұлттың шоғырлануы және әрбір азаматтың Тәуелсіздік құндылықтарына шексіз қызмет етуі өте маңызды. Біз көпжақты құрылымдар мен БҰҰ рөлін күшейтуге ықпал ете отырып, халықаралық қауіпсіздік жүйесін нығайту жолындағы сыртқы бағдарымызды жалғастыра береміз. Ұлттық мүдделерімізді қатаң ұстанып, заманауи көпжақты әлемде тиімділігін дәлелдеген үйлесімді әрі сындарлы сыртқы саясатымызды дәйекті жүргіземіз, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев  Тәуелсіздігіміздің 29-шы жылы күрделі, қиын әрі ерекше болғанын атап өтті. Мұндай тағдыршешті сынақтар әр ұрпақтың басына түсе бермейді. Жаһандық дағдырысты еңсерген мемлекетіміз бұдан да зор мақсаттар мен міндеттерді көздейді.

– Алдағы жыл – межелі кезең. Бұл жыл ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өтеді. Бұл өткенге көз жүгіртіп, қорытынды жасайтын уақыт. Халқымыз үшін осы маңызды датаны нақты істермен және жаңа жобалармен қарсы аламыз. Даңғаза ақциялар мен даурықпа шаралардан бас тартып, бүкіл іс нақтылыққа құрылатын болады. Экономика, әлеуметтік сала, экологиядағы жүйелі шаралардың көлемді кешенін іске асыруды жалғастырамыз. Тұрғындардың барлық топтарының, әсіресе жастар, әйелдер, мүмкіндігі шектеулі жандардың қажеттіліктеріне баса мән береміз. Біз еліміздегі саяси жаңғырту үдерісін жалғастыра береміз, – деді Президент.

Мемлекет басшысы келесі жылдың басында жарияланатын жаңа реформалар топтамасы туралы айтты. Бұл «халық үніне құлақ асатын мемлекет» құруға, әділет және тең мүмкіндіктер қағидаттарын бекітуге бағытталған Қазақстандағы демократиялық түрленуге тың серпін береді. Мәжіліс және барлық деңгейдегі мәслихаттарға сайлау өткізу келесі жылдың тағы бір маңызды оқиғасы болмақ. Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы сайлау жоғары азаматтық белсенділік танытып, қоғамның саяси сауатты екенін көрсететініне сенім білдірді. Сайлау науқаны қазақ мемлекеттігінің институционалдық тұрақтылығын дәлелдейді.

Президент өз сөзінде Мемлекет басшысының қолынан марапат алған қазақстандықтардың сіңірген еңбегіне жоғары баға берді.

Мемлекет басшысының салтанатты рәсімде сөйлеген сөзінің толық мәтінімен мына сілтеме арқылы танысуға болады

 

 
ID: 0
Тегтер: рәсімсыйлықТоқаев
Алдыңғы жаңалық

«Nur Otan» партиясы барлық салада жетістікке жетуді көздейді

Келесі жаңалық

Елбасының қауіпсіздік қызметіне жаңа басшы тағайындалды

Ұқсас жаңалықтар

Тоқаев Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевты қабылдады
Жаңалықтар

Тоқаев Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевты қабылдады

Сәуір 20, 2021
әйел
Жаңалықтар

Әкімдіктің бұрынғы қызметкері әйелін пышақтап өлтірді: Оқиғаға қатысты тың мәліметтер шықты

Сәуір 20, 2021
Dmitri
Әлеумет

Таразда «Dmitri&Company» иесінің қызын ұрлап, ақша талап еткені рас па?

Сәуір 20, 2021
«Каменкадағы» кері байланыс көпке үлгі
Жаңалықтар

«Каменкадағы» кері байланыс көпке үлгі

Сәуір 20, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқаев Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевты қабылдады

Сәуір 20, 17:14

Әкімдіктің бұрынғы қызметкері әйелін пышақтап өлтірді: Оқиғаға қатысты тың мәліметтер шықты

Сәуір 20, 16:40

Таразда «Dmitri&Company» иесінің қызын ұрлап, ақша талап еткені рас па?

Сәуір 20, 16:23

«Каменкадағы» кері байланыс көпке үлгі

Сәуір 20, 16:05

Бауыржан Байбек Алматыдағы жер мәселесіне қатысты Мамайдың пікіріне жауап берді

Сәуір 20, 16:04

Бауыржан Байбек Алматының көлік жүйесіндегі реформа туралы айтты

Сәуір 20, 15:48

Тоқаев бір топ шенеунікті қызметінен босатты

Сәуір 20, 15:23
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Тоқаев Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевты қабылдады

Тоқаев Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевты қабылдады

Сәуір 20, 2021
әйел

Әкімдіктің бұрынғы қызметкері әйелін пышақтап өлтірді: Оқиғаға қатысты тың мәліметтер шықты

Сәуір 20, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»