Трамп Тоқаевқа жеделхат жолдады
Трамп Тоқаевқа жеделхат жолдады
5,093
оқылды

Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамп Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына құттықтау жеделхатын жолдады, – деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

Жеделхатта Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевты және барша халқымызды ел тәуелсіздігінің 29 жылдығымен шын жүректен құттықтай отырып, Қазақстанның Орталық Азиядағы бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау және өркендеу жолында отыз жылға жуық уақыт көш бастап келе жатқанын Президентпен бірге атап өтуге қуанышты екенін жеткізген.
– Биылғы жыл бұған дейін бұрын-соңды болмаған жаһандық сынақтарды алдымызға тосты. Бірақ біздің серіктестігіміз бұл сынаққа төтеп берді. Кеңейтілген стратегиялық серіктестігіміздің шеңберінде біз COVID-19 пандемиясымен күрестегі ынтымақтастығымыздың барлық бағыттарында оң нәтижеге қол жеткіздік. Америка халқының атынан Қазақстан халқына алдағы жылы денсаулық пен бақ-береке тілеймін, – делінген АҚШ президентінің жеделхатында.