Оңтүстік Корея: Теміржолшылар жалақының аздығынан ереуілге шықты
Оңтүстік Корея: Теміржолшылар жалақының аздығынан ереуілге шықты
143
оқылды

24.kz-тің хабарлауынша, Оңтүстік Корея теміржолшылары ереуілге шықты.

Олар жалақыны көтеріп, жұмысты азайтуды талап етіп отыр. Өткен сәрсенбі күні Корей теміржол бірлестігі кәсіподағы бүкіл елде наразылық шеруін бастады. Оған 11 мың 500 адам қатысып жатыр. Олар үкіметтен қосымша 4 мың 600  адамды жаңадан жұмысқа алып, жалақыны 4 пайызға көбейтуді талап етуде. Бүкіл республика бойынша ондаған теміржол рейсі тоқтатылды. Жүк тасымалы 65 пайызға азайды. Жылдамдығы жоғары жолаушылар пойыздары жұмысын 30 процентке қысқартты. Жолаушылар автобуспен жүруге мәжбүр. Кәсіподақтар мен ұлттық теміржол тасымалдаушысы әкімшілігі арасындағы келіссөз әзірге еш нәтижеге әкелген жоқ. Корея теміржол корпорациясының президенті Сон Бён Сок халықтан кешірім, сұрағанмен, елдегі жағдай тұрақталған жоқ.