Гонконгте ұсталған қазақстандық студент тергеу нәтижесін күтеді
Гонконгте ұсталған қазақстандық студент тергеу нәтижесін күтеді
97
оқылды

Сыртқы істер министрлігі Гонкнгтегі көтерілістің ушығуына байланысты Қазақстан азаматтарына сақ болуды ескертеді.

24.kz-тің жазуынша, Гонконгте оқып жатқан 209 студент елге оралды. 32 студент қауіпсіз сезінгендіктен, сонда қалуды ұйғарған. Одан бөлек 17 тәлімгер жақын арада елге қайтады.

Гонконгте наразылық күшейгенмен, төтенше жағдай жарияланған жоқ. Тек онда оқитын қазақстандық студенттер үшін сабақ келесі жылдың қаңтарына дейін тоқтатылып, қашықтықтан оқуға шешім қабылданды. Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, осыдан бірнеше күн бұрын жергілікті полицейлер тұтқындаған қазақстандық студентке қатысты тергеу жүріп жатыр. ҚР СІМ ресми өкілі: «Оның әке-шешесі Гонконгке ұшып барды. Біздің дипломаттар ол жігітпен бірнеше рет кездесті. Тергеу изоляторында ұстауға ешқандай шағымы жоқ. Денсаулығы жақсы. Оған қажетті заттардың барлығы апарылды. Адвокат табылды. Енді тергеудің нәтижесін күтеміз», – деді.