Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру тақырыбында дөңгелек үстел өтті
Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру тақырыбында дөңгелек үстел өтті
240
оқылды
Бүгінде жастар саясаты тәуелсіз Қазақстан елінің басты басымды­қтарының бірі. Жастарға айрықша көңіл бөлген мемлекет қана саяси және экономикалық табысқа жете алады. Жастардың инновациялық әлеуетін тиімді қолдана білген мемлекет стратегиялық артықшылыққа ие болады. Сондықтан да елімізде жастарды жалпы қоғамдық үдерістерге қосу мақсатында ынталандыру шаралары іске асырылып, оларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік деңгейде жағдай жасалуда. Осыған орай бүгін Қарағанды қаласында мемлекеттік жастар саясатын іске асыру тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Кездесу барысында жастар саясаты аясында өткізілген іс-шаралардың нәтижелері талқыланды. Сонымен қатар алдағы уақытта алға қойылған мақсат-міндеттер айқындалды. «Jas Otan» Қарағанды облыстық филиалының жетекшісі Ержан Хамитов өңірдегі жастар саясаты бойынша қысқаша баяндама жасады.
«Ауылда жастар кәсіпкерлігін қолдау үшін облыс әкімінің грантына  конкурс өткізіліп, 2020 жылы облыстық бюджеттен 100 млн теңге бөлінген болатын. Жұмысқа орналастыру пункттеріне жүгінген жастармен тиісті жұмыс жүргізілді: 838 адам жұмысқа орналастырылды, 619 адам қысқамерзімді оқу курстарына жіберілді, ал 3264 адам кеңес алды», - деп атап өтті ол.
Атап өту керек, Қарағанды облысында студенттік және оқушы жастар қатарынан жасақталған 5 мыңға жуық жасты қамтитын 89 волонтерлік топ жұмыс істейді. Олар мынадай негізгі бағыттар бойынша жұмыс істейді:
  • Әлеуметтік волонтерлік;
  • Спорттық волонтерлік;
  • Экологиялық волонтерлік;
  • Мәдениет саласындағы волонтерлік;
  • Жануарларды қорғаумен байланысты салалар.
Сонымен қатар қазіргі таңда өзекті проблемаларды анықтау және шешу, мемлекеттік жастар саясатын іске асырудың тиімділігін арттыру үшін жастардың қажеттілігіне мониторинг және бағалау жүргізу іс-шаралары  іске асырылып жатыр.