Партияның 7 бағытын кеңінен түсіндірді
Партияның 7 бағытын кеңінен түсіндірді

– Партия әлеуметтің әлеуетін арттыру бағытында 7  бағытқа басымдық беріп отыр. Оның алғашқысы экономикалық тұрақтылық.

Экономикалық тұрақты аймақ қалыптастыруда 19 инвестициялық жоба қолға алынады.  8 өндіріс орыны іске қосылып, сары фосфор, минералды таңайтқыштар өндірісінің көлемі ұлғаяды.  Цемент пен натрий цианидінің экспорты бірнеше тоннаға дейін ұлғайтылып, өңірдің шикізаттық емес экспорты 1,2 есе өседі. 5 жылда 84 мың жаңа жұмыс орыны құрылады деп жоспарлануда. Бұдан бөлек «Nur Otan» партиясы ауыл тұрғындарының табысын арттыруға, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал етеді. 2022 жылға дейін 7 жаңа су қоймасы іске қосылып, 34,5 мың гектар суармалы жер қалпына келтіріледі. Сондай-ақ жыл сайын 250 жаңа кәсіпкерлік субъектісіне қаржылай қолдау көрсетіледі. Сонымен қатар  Тараз, Жаңатас, Қаратау қалаларында 35 жоба іске асырылып,  2 600 тұрғын несиеге қол жеткізеді. Партия туризм саласына аса қажетті білікті кадрлар даярлауға  100 грант бөлуді қамтамасыз етпек.Ал экологиялық туризм бойынша жаңа туристік бағыттар әзірленіп, ақпараттық қолжетімділігін қамтамасыз етуге 20 миллион теңге бөлінеді, - деген кандидат Б.Хасанбаев өзге алты бағыт бойынша қолға алынатын жұмыстарды рет-ретімен тарқатып  айтып берді. Бұдан кейін сөз кездесуді  «ZOOM» платформасы арқылы тамашалап отырған көпшілікке  беріліп, олар партияның атқарған жұмысына қатысты ой-пікірлерін ортаға салып, бірқатар сауалдарын қойды. Кандидат барлық сұрақтарға тиісті деңгейде жауап берді.

«Nur Otan» партиясы Жамбыл облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді.