Ұлттық құрамаға жаңа бапкер келді
Ұлттық құрамаға жаңа бапкер келді
118
оқылды

Талғат Маруанұлы бұған дейін де ұлттық құраманы басқарып, 2018 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне қатысты. Сонымен қатар білікті бапкер Петропавлдың «Есіл-Богатырь», Павлодардың «Ақсу», «Ертіс», Оралдың «Ақжайық» футбол клубтарында да жұмыс істеді.

2021 жылы көктемде Қазақстан құрамасы 2022 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу ойындарына қатысады. D тобында Қазақстан Франция, Украина, Финляндия, Босния және Герцеговина құрамаларымен кездесу өткізеді.

Сондай-ақ Қазақстан футбол үйінде еліміздің жастар құрамасының аға жаттықтырушысы таныстырылды. Жаңа іріктеу кезеңінде жастар құрамасын Қайрат  Нұрдәулетов жаттықтыратын болды. Ол спорттық мансабында футболшы ретінде қызылжарлық «Есіл-Богатырь», алматылық «Қайрат», қостанайлық «Тобыл», елордалық «Астана», қызылордалық «Қайсар» командаларының сапында өнер көрсетті.

2003-2013 жылдар аралығында Қазақстан ұлттық құрамасында 35 ойын өткізіп, ұзақ уақыт капитандық қызметті қоса атқарды.

Өткен жылы Қазақстан футбол федерациясында жұмыс істеді. Ең алдымен жастар құрамасы аға жаттықтырушысының көмекшісі, кейін ҚФФ Құрама командалары департаментінің директоры болып еңбек етті.