Білім беру орталықтары мен үйірмелер қайта жұмыс істейді
Білім беру орталықтары мен үйірмелер қайта жұмыс істейді
108
оқылды
Павлодар облысында білім беру орталықтары мен үйірмелер қайта жұмыс істей бастайды.  ҚазАқпараттың жазуынша, облыс орталығында білім беру орталықтарының, үйірмелердің және мектептен тыс қосымша білім беру объектілерінің қызметін қайта бастау туралы қаулы 2020 жылғы 15 желтоқсан сағат 00.00-де күшіне енеді. Осындай қаулы Екібастұз және Ақсу қалаларында да қабылданды. Мұндай шешім Павлодар облысының эпидемиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес «қызыл» аймақтан шығуына байланысты қабылданды. Өткен тәулікте, 13 желтоқсанда облыста коронавирус инфекциясы бойынша 73 жаңа жағдай тіркелді. Бүгінгі күні COVID-19 бен ауыру жағдайларының тұрақты төмендеуі байқалып отыр. Сырқаттанудың "шыңы" 23-29 қараша аралығында болған, ол кезде 795 жағдай тіркелген болатын (өсім 14,2 %). Содан кейін төмендеу байқалды – 733 жағдай (11,4 %) және соңғы аптада 626 жағдай тіркелді (8,8%). Еске салсақ, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық қоғамдық денсаулықты сақтау орталығының дерегіне сәйкес, бұған дейін «қызыл» аймақта болған Павлодар облысында ахуал біршама тұрақталды. Бұл өңір «қызылдан» «сары» аймаққа өтті.