Ұлыбритания: 39 адамның мәйіті табылған жүк көлігіндегі оқиғаға қатысты тағы бір күдікті ұсталды
Ұлыбритания: 39 адамның мәйіті табылған жүк көлігіндегі оқиғаға қатысты тағы бір күдікті ұсталды
125
оқылды

«РИА Новостидің» хабарлауынша, Ұлыбритания полициясы дүйсенбіде 39 вьетнамдықтың мәйіті табылған қылмыстық іске қатысты тағы бір күдіктіні ұстады.

Дереккөз: «Эссекс полицейлері дүйсенбіде Пурфлит қаласының 36 жастағы тұрғынын ұстады», – деп хабарлайды. Ал жергілікті полиция басқармасының Twitter желісіндегі парақшасында: «Пурфлит тұрғыны 25 қарашада құрықталды. Күдіктіге абайсызда адам өлтірді, адамдарды заңсыз тасымалдау жайлы келісім жасады. 39 вьетнамдықтың қайтыс болуына байланысты жүргізілген тергеу аясында заңсыз иммиграция жүргізді деп айып тағылып отыр» делінген. 

Полицияның мәлімдеуінше, күдікті қамауда отыр. Тергеу жалғасып жатыр.