Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Мультимедиа

«Құл базар» да – бір базар

Ол базардың тұрқы да, сұрқы да бөлек.

Анар Қоныс
Қараша 26, 2019
Мультимедиа, Фоторепортаж
құл

©Айтжан Мурзанов

8.4k
қаралым

Алматы мен Нұр-Сұлтанда заты да, аты да қызық бір базар бар: оны жергілікті жұртшылық арасында «құл базары» деп атап кеткен. Ол базардың тұрқы да, сұрқы да бөлек. «Құл базарда» жас мөлшері маңызды емес. Онда жасты да, кәріні де кездестіресіз. Біреуі – оқудың ақысын тапса, енді біреу – нәпақасын осы жерден айырып жүр. Бәріне ортақ бір мақсат бар: оның аты – күнкөріс.

құл
©Айтжан Мурзанов

«Құл базарда» жас мөлшері маңызды емес. Онда жасты да, кәріні де кездестіресіз. Біреуі – оқудың ақысын тапса, енді біреу – нәпақасын осы жерден айырып жүр. Бәріне ортақ бір мақсат бар: оның аты – күнкөріс.

құл
©Айтжан Мурзанов

   Елордадағы сондай жердің бірі – «Артем» базарының жанындағы Шоқан Уәлиханов көшесі. Көшенің екі жағы да қара жұмысшыға толы. Олармен тіл табысуға мүмкіндік туатын уақыт – таңғы 6.00. Таң да бозарып атпаған кез.

құл
©Айтжан Мурзанов

Көше бойында екі-үш адамның сұлбасы қараяды. Ал «Тұлпар» сауда үйінің маңында жиналған 10-15 шақты ер азамат пен әйелді бір микроавтобус келіп, алып кетті. Тіпті көліктен түсіп, «не үшін, қайда?» кетіп бара жатқанын сұрап та үлгермедік. Содан таң бозарғанын, адамның жинала бастағанын күтіп, 15-20 минуттай отырдық.

құл
©Айтжан Мурзанов

Ақырын-ақырын адамдар да жинала бастады. Бірін-бірі танитындар бір жерге топтасып тұр. Ал танысын таппағандар жекелеп, дәл аялдаманың жанындағы жабулы тұрған дәмхананы жағалаған.

құл
©Айтжан Мурзанов

Көліктен түсіп, беттей бергеніміз сол еді, олардың бірінші сауалы – «жұмыс бар ма?» дегеннен басталды. «Қанша аласыз, қанша сұрайсыз?» деген сұрағымызға: «10 мың» дей сала, «Ол не жұмыс? Қоқыс шығару керек пе?» деп, үсті-үстіне сұрақ жаудырсын келіп.

құл
©Айтжан Мурзанов

«Үй салып жатыр едік. Шатыр жабуға жұмысшы керек еді» дегенбіз. Саудаласа келе, бағаны 7 мыңға дейін түсіретінін байқадық. Мұнда бастысы – жұмыстың жеңілдігіне емес, ауырлығына қарай өлшенеді екен. Жеңіл-желпі жұмыс болса, 5 мыңға да табасыз.

құл
©Айтжан Мурзанов

Сөйтіп тұрғанымызда, 5-6 жас бала жанымызға келді.  Қасында үлкендеу бір кісі бар.  Мектеп оқушысы екені белгілі. «Сендер де жұмыс істейсіңдер ме?» дегенімізге,  «Иә, несі бар?» деп арасындағы біреуі шапшаң жауап қайырды.

             – Нешінші сынып оқисыңдар?

             – 9-дан кейін, колледжге түскенбіз. Бірақ мен басқа колледжде оқимын.

             – Қай жақтан боласыңдар?

             –  Шымкенттенмін, – деді әлгі бала.

құл
Шымкенттік студент

Диктофонды алып шығып, журналист екенімізді естігенде, әлгі балалар кірпіше  жиырыла кетті. Араларындағы үлкені «жұмыссыз жүрген адам көп. Қанша газетке беріп, жоғарыға жеткізсеңіздер де, одан еш пайда жоқ. Өздерінің жұмыс істеп жатқанын ғана көрсетеді.

құл
©Айтжан Мурзанов

Әйтпесе, қаншама журналист келіп, суретке де талай түсірді. Бірақ одан еш пайда жоқ. Әне, «Атамекен» тұр. Ойбай, жеке куәліктен басқа ештеңе керек емес, жұмыс тауып береміз дегені қайсы? Төленетіні – көк тиын» деп қолды бір сілтеп, жанындағыларын ертіп әкетті. 

құл
©Айтжан Мурзанов

Оның айтқанына қарамастан, «атыңды атап, түсіңді түстемейміз» деп жүріп, әлгі студентті сөзге тарттық. Айтуынша, ол бұл жерде сабақ басталғаннан бері жүр. Бір айда 120, 150 мың қолға түсіп тұрады. Жақсы дегеннің өзі – 180 мың. 

құл
©Айтжан Мурзанов

 – Грантта оқыған соң, оқуыма ақы төлемеймін. Үй ішіме жіберіп, көмектесемін. Ал басқалары оқуының ақшасын шығарып алу үшін жүр. Ең ауыры – құрылыс. Күннің суығында тіптен ауырлай түседі. Одан гөрі құрылыс материалын тасып берген жеңіл. Сондықтан сондай жеңіл жұмысты көбірек аламын, – дейді ол.

құл
©Айтжан Мұрзанов

 Бұл  ғимараттың артында  «Ломбард» орналасқан  болса, көшеге қараған жағында самса мен темекі сататын  дүңгіршек бар екен. Таңғы 8-ге қарай, қаланың тіршілігі қайнай бастайды.

құл
©Айтжан Мұрзанов

Сол бұрышта қолындағы пакетті қолтығына қысып алып, бүрісіп, темекі тартып біреуі тұр. «Бізге төлесе болды, жұмыстың ауыр-жеңіліне қарамаймыз» деген оның бұл жерде жүргеніне бір ай ғана болыпты. Бұл «базардың» өзі екіге бөліне екен. Жолдың арғы бетіндегі «Артем» жағында жұмысшылардың қасында 4-5 көлік тұр. Жұмысшы керек болса, солар арқылы тіл табысады екен. Олар тек үлкен тапсырыс алып, соған біраз қара жұмысшыны жинақтап береді.  

құл
©Айтжан Мұрзанов

Сағат 9-да адам жүретін орын қалмайды. Көбісі ақшасына келісіп, көлікке салып алып, шет-шетінен әкетіп жатыр. «Жұмысшылардың»  айтуынша, олардың алданған кезі болмапты. Жұмыс беруші «аттай» қалап алып кеткенімен, қайтуы – өзінен. 

құл
©Айтжан Мұрзанов

Мұрат есімді азамат бұл жерде тапқан табысының өзі пәтерақысына жетеді, кейде жетпей қалатынын айтты. Алматыдан келгеніне бір жыл болған. «Негізі Есікте тұрғанмын.  Сөйтіп, отбасыммен осы жаққа көшіп келдік. Балаларым бар. Төртеуі де мектепте оқиды. Соларды асырау үшін осында шығамыз. Ал жаз кезінде құрылысқа кетемін. Күн суытқанда ішкі жөндеу жұмысын істейміз. Әйтеуір, амалын тауып, күнелтеміз» деген ол амалсыз осы жерде жүргенін жеткізді. 

құл
©Айтжан Мұрзанов

 Оның айтуынша, мемлекеттік жұмыс адамды бір айлыққа байлап тастайды. «Қасымдағы жігіттер жұмыс істеп те көрген.   Жұмыс жоқ емес, бар. Бірақ айлық аз. Бір айға 60-70 мың деген аздық етеді ғой. Бір күнге  бөлсең, 2-3 мыңға шығады. Ал ол неге жетеді? Мұнымен бала-шағаны баға алмайсың. Тіпті олардың тамағына да жетпейді. Қазір 150 мың таппасаң, күн көру қиын, – дейді Мұрат.

құл
©Айтжан Мұрзанов

Келіншегі көпбалалы ана ретінде әлеуметтік көмекке құжат тапсырған. Ал оның түсу-түспеуі әлі белгісіз. Соған қарамастан әйелі жұмыс істейді екен. «Келіншігім де жұмыста, күзетте істейді. Тәулігіне 5 мың алады. Бірақ ол табысы да өзінің жүріп-тұруынан аспайды» деп қынжылды.

құл
©Айтжан Мұрзанов

Сағат 10-ға қарай адамдар саябырси бастады.  Жұмысқа жалданғандар кетіп қалды. Бұдан қалғаны «Промзона» деп аталатын құрылыс базарына барады екен. Ол Шара Жиенқұлова көшесінде орналасқан. Ол жаққа бір емес, үш рет бардық. Бірақ жұмыс іздеп жүрген бір адамды көргеніміз жоқ.

құл
©Айтжан Мұрзанов

Сол жердегі саудагерден сұрастыра келе, адамдардың жүк пойызы келген уақытта жиналатынын білдік. Алайда онда барғанымызбен, жүк пойызы келген уақытпен сәйкесе алмадық. Қайтарда әлгі «базарға» қайта соққанбыз. Түс ауған уақытта ешкім қалмайды екен.

құл
©Айтжан Мұрзанов

Шыға берісте оқшаулау тұрған бір ер адамды байқадық. Жұмыс берушімен сағат 3-те жолығатын болып, келіскен екен. Ол көбінде байлардың не жеке кәсіпкерлердің заттарын тиеуге жалданады. «Негізінен сондай жұмыстарға барамын» дейді.  Денсаулығына байланысты ауыр жұмыс істей алмайтынын айтты.

құл
©Айтжан Мұрзанов

 – Қазір есте сақтау қабілетім нашар. Көп нәрсені ұмытып қаламын. Ұмытшақтық ауруы деп жатады емес пе? Бұрын әскери қызметте болдым. Бірде  Қарағандыдан «таксовать» етіп шығып, бір топ жігіттің соққысына қалғанмын. Содан ештеңеге жарамсыз болып қалдым, – дейді ол.

құл
©Айтжан Мұрзанов

Қазір келіншегімен бірге ата-енесінің қолында тұрады екен. Айтуынша, пәтерін зейнетақысымен жауып отыр. Келіншегі балабақшада жұмыс істейді. Бір баласы бар.   

құл
©Айтжан Мұрзанов

  – Кешке үйге барғанда, ұлым: «папа, не әкелдің?» деп алдымнан жүгіріп шығады. Сонда бірдеңе ұстатуым керек емес пе? Сол үшін де кешкісін үйге кірмей тұрып, жанымыздағы дүкеннің қораптарын шығарып, қоқысын тазалап, еденін жуып беремін. Ақысына үйге азық-түлік алып барамын. Негізі ер адам үйде отырмауы қажет. Келіншегім жұмысқа кеткенде, сыртқа мен де шығып кетемін, – дейді ол.

құл
©Айтжан Мұрзанов

Ол бұл «базардан» күніне 5 мың табады. Өйткені ауруының кесірінен басқа жұмысқа жарамсыз. Ешбір жер жұмысқа алмайды. Мойнындағы кішкентай аспалы сөмкесін алып шығып, ондағы «№7 поликлинника. Шәкәрім Құдайберді» деп жазылған жазбаны көрсетті.  «Келіншегімнің нөмірін ғана жатқа білемін» деген жігіт бізге амандық тілеп, мұңайып қоштасты.  

құл
©Айтжан Мұрзанов

Жұмысшы керек пе, ақысын төлесеңіз, бір күндік жұмыс күшін оңай таба аласыз. Ел арасында  «құл базары» деп аталып кетсе де, ол жерде «кісенделіп», сатылып жатқан адам жоқ. Көшеге шығу да – әркімнің еркіндегі дүние. Қолдарына бір-бір пакет ұстап, топталып- тұрған тағдырлар.

құл
©Айтжан Мұрзанов

Жол бойына жәутеңдеп қарайды. Бәрі де күнделікті нәпақасын осылай айырып жүр. Жоқтық – қол байлау. Дипломың болмаса, денсаулығың жарамаса, кім демеу болмақ? Күнкөріс қамымен атқан таң, батқан күн… Күнделікті қайталанатын қу тірлік. Олар да уайымсыз емес. Ертеңін ойлайды. Ал ертең жұмыс табыла қойса – жақсы. Табылмаса ше?

2020 жылы мүгедектерге және асыраушысынан айырылғандарға 366 млрд теңге жәрдемақы төленді

Қазақстан жалақысы төмен елдер қатарына кірді

Талдықорғанда пәтер өртеніп, төрт адам ауруханаға түсті

құл
©Айтжан Мұрзанов

Жер ауыр күрсінді…

Біз де…

Үрке қарадық…

Ол да…

«Құл базар» да – бір базар.

Әттең-ай… 

 

 

 
Тегтер: "Артем" базарыАтамекенжалақыжәрдемақыжұмысшықара жұмысшықұл базарыпәтертөлемақы
Алдыңғы жаңалық

Марат Тажин жаңа қызметке тағайындалды

Келесі жаңалық

Мемлекеттік қызметкерлер жұмыста қайтадан смартфонды қолданатын болды

Ұқсас жаңалықтар

Сайлау күні солай болған
Жаңалықтар

Сайлау күні солай болған

Қаңтар 12, 2021
сайлау
Жаңалықтар

Бүгін Қазақстан халқы ассамблеясынан депутаттарды сайлауға кімдер келді?

Қаңтар 11, 2021
сайлау, астана, дауыс, Қазақстан
Жаңалықтар

Астанада сайлау қалай өтіп жатыр?

Қаңтар 10, 2021
2020: Ел есінде қалған әсерлі сәттер
Жаңалықтар

2020: Ел есінде қалған әсерлі сәттер

Желтоқсан 29, 2020

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Үкімет басшысы жаңадан тағайындалған екі министрді таныстырды

Қаңтар 18, 20:46

Ақтөбеде білім ордасына «Мектеп жарылады» деген жалған хабарлама түсті

Қаңтар 18, 20:37

57 жасында бірінші рет жеке куәлік алды

Қаңтар 18, 20:23

«Коронавирус бедеулікке алып келуі мүмкін» – Олжас Иманғалиұлы, уролог-андролог

Қаңтар 18, 20:01

20 қаңтардан бастап мекемелердің 80% қайтадан қашықтан жұмыс істеуге көшеді

Қаңтар 18, 19:47

Ипотекасы бар азаматтарға салық төлеуде жеңілдік жасалатын болды

Қаңтар 18, 19:16

Мұхтар Тілеуберді қос қызметті қатар атқаратын болды

Қаңтар 18, 18:58
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Үкімет

Үкімет басшысы жаңадан тағайындалған екі министрді таныстырды

Қаңтар 18, 2021
Ақтөбе

Ақтөбеде білім ордасына «Мектеп жарылады» деген жалған хабарлама түсті

Қаңтар 18, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»