Ағайындылар газ үнемдеймін деп уланып қайтыс болды
Ағайындылар газ үнемдеймін деп уланып қайтыс болды
112
оқылды

Үйде 62 және 50 жастағы ағалы-інілі екі азамат тұрған екен.

Олар үйінен шықпаған соң баспанаға бас сұққан көршілер улы иісті сезеді. Есік-терезені ашып, үй ішін желдетіп жүргенде бөлмеден үй иелерін көрген. Жедел жәрдем лезде жеткенімен, ағайындыларды құтқару мүмкін болмады. Көршілердің айтуынша, ағасы мен інісі бірнеше күн бұрын ғана мұржаға темір түтік орнатып газды үнемдемек болғанын айтқан. Сөйтіп, сыртқа шығуы тиіс 80 пайыз улы иіс баспананың ішіне тараған.

Жыл басынан бері газдан Түркістан облысында бес адам қайтыс болған. Мамандар тұрғындарды мұқият болуға шақырады.