Тауда адасып кеткен ер адам қайтыс болды
Тауда адасып кеткен ер адам қайтыс болды
121
оқылды

Бұл туралы Төтенше жағдай министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады. 35 жастағы Алматы тұрғыны Титов шыңын бағындыруға сенбі күні шыққан.

Ерман Байменовтің өзі тауда адасып кеткенін айтып хабар берген. Биіктігі 3800 метрден асатын Титов шыңына шыққан жігіт қалың тұманнан қайтар жолды таппай қалған. Сенбіде тауда жоғалып кеткен Ерман Байменов үш тәуліктен соң табылды. Құтқарушылар оны Күмбелсу шатқалынан қардың арасынан іздеп тапқан. Денесі үсік шалған оны өзен арқылы арнайы техникамен таудың етегіне түсірді. Құтқарушылар ер адамды тапқан кезде жағдайы өте ауыр болған. Сағат 20:45-те Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары зардап шеккен 1985 жылы туған ер адамды Күмбелсу өзенінің көпірінде күтіп тұрған дәрігерлерге тапсырды.

Екінші іздеу-құтқару тобында болған Апаттар медицинасы орталығының дәрігері ер адамның қайтыс болғанын хабарлады.