Депутаттар орден алды
Депутаттар  орден алды

 Н.Нығматулин Тәуелсіздік күнінің барлық қазақстандық үшін маңызын айта келе, еліміздің осы жылдардағы жетістіктеріне тоқталды.

– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың кемел саяса­ты­ның арқасында бүкіл әлемге жедел дамушы ел ретінде та­нымал болдық. Заманға сай бі­лімді, рухты ұрпақтарымыз өсіп ке­леді, – деді ол. Сондай-ақ палата Спикері Қазақстанның жаһан сая­саткерлері, өркениетті ел бас­шылары, әлемдік қайрат­керлер бас қосатын сыйлы шаңыраққа айналғанын, бүгінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы толағай табыстарымызды сақтап, стратегиялық даму ба­ғытын одан әрі жалғастырып жатқанына назар аударды.

Н.Нығматулин депутаттық корпустың елді одан әрі жаңғырту бойынша Елбасы мен Президент қойған барлық міндеттің орын­далуын заңнамалық тұрғыдан қамту үшін қазіргі күрделі жағ­дайда жұмыстың жаңа фор­мат­тары мен тетіктерін енгізгенін еске салды.

Мемлекеттік және қоғам­дық қызметі үшін, еліміздің әлеу­­меттік-экономикалық және мә­дени дамуына, халықтар ара­сын­дағы ынтымақтастық пен дос­тықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін ІІІ дәрежелі «Барыс» ордені Мәжіліс депутаты О.Өк­сік­баевқа, «Парасат» ордені Ж. Дүй­себаевқа және Д.Ес­паева­ға, «Құрмет» ордені Ж. Ах­мет­­бековке табыс етілді. Ал «Ерен еңбегі үшін» медалі ап­парат қыз­меткерлері Нариман Әлғожинге, Ботагөз Ботабаеваға және Клара Мәутенбаеваға берілді. Қазақстанның Құрмет гра­мотасы аппарат қыз­мет­керлері Айтбек Әліпов, Айгерім Нұр­жанова және Татьяна Сыз­ды­қоваға та­бысталды. Сонымен қатар Мәжіліс төрағасы ТМД Парламентаралық Ассамблеясының «Достық» орденін Бас прокурордың орын­басары М.Ахметжановқа, ТМД ПА «Парламентаралық ын­тымақтастықты нығайту үшін» медалі Әділет министрі М.Бекетаевқа және Мәжіліс де­путаты С.Звольскийге та­быс­тады. ТМД ПА Құрмет гра­моталарын Ә.Бектұрғанов пен М.Ерман алды. Іс-шара барысында палата Спикері Нұрлан Нығматулин заң жобаларымен тиімді жұ­мыс істеу және пар­ла­мент­ара­лық бай­ланыстарды кеңей­ту үшін ме­моргандар өкілдерінің депу­таттық кор­пуспен өзара іс-қи­мылының маңызын айтты.

Елдос СЕНБАЙ