«Ел үміті» бастамасы – таланттар тартатын күш
«Ел үміті» бастамасы – таланттар тартатын күш
237
оқылды

Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі жан-жақты дарынды тұлға, жас таланттарды қолдап, бағыт беріп келеді.

Елбасы «жастарға сенім арту – ауқымды өзгерістер мен заманауи Қазақстанның қалыптасуының басты құрамдас бөлігі» екенін бір­неше рет атап өтті. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап экономика мен мемлекеттік бас­қарудың негізгі секторлары үшін бәсекеге қабілетті кәсіби элитаның жаңа буынын дайындау үшін берік негіз қаланды. Әлемнің үздік жо­ғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндік беретін «Болашақ» бағ­дарламасы, Назарбаев уни­вер­ситеті, Назарбаев зияткерлік мек­тептері және Қазақстанның Тұң­ғыш Президентінің басқа да бас­тамалары елдегі білім берудің ай­қын көрінісіне айналды. Таланттарды басқарудың ұлт­тық жүйесін дамытудағы тағы бір маңызды қадам Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаев 2019 жылы ұсынған «Ел үміті» бастамасы. «Ел үмітінің» 10 жобасы, қайсысы болмасын, оқушылар мен жастардың нақты аудиториясына бағытталған және таланттарды анықтау, есепке алу және қолдау бойынша өзінің бірегей рөлін атқарады. Нұрсұлтан Назарбаев қоры 2019 жылы құрған Елбасы Академиясы жобалық кеңсе болып айқындалды.

Бүгін «Ел үміті» жобалары 2020 жылы болған пандемия мен ка­рантинге қарамастан жастар ара­сында өзінің өміршеңдігі мен қажеттілігін дәлелдеді деп сеніммен айтуға болады. Елбасы Акаде­мия­сының Қамқоршылық кеңе­сінің төрағасы, Президент көмек­шісі – Қауіпсіздік кеңесінің хат­шысы Әсет Исекешевтің айтуынша, «бас­тамаға енген «Мың бала» жо­басы, Елбасы медалі, салалық көш­бас­шыларды даярлау бағ­дарламасы және басқа да жобалар өте өзекті және оларды Үкімет жоғары ба­ғалады. Жалпы, «Ел үміті» бас­тамасына 350 мыңнан астам қа­тысушы тартылған. Қазақ­стан­дықтардың қызығушылығын Нұрсұлтан Назарбаев қорының «Ел үміті» білім беру порталының жұмы­сы да растайды – сарапшылар, ата-аналар, педагогтер мен жұмыс істейтін жастар арасында жо­балардың қамту аймағы 2020 жылы 1,5 млн адам болды.

«Елбасы медалі» бағдарламасы білім беру саласында, патриот, жігерлі, болашағына сенімді тұлға тәрбиелеу ісінде ерекше орын ала­ды. Барлық уақытта жақсы білім құстың қос қанаты – тәрбие мен білімге сүйенді. Білім беруде бі­лім­нің тәрбие беру тәсіліне қа­ра­ған­дағы айқын басымдығы кө­рінісінде «Елбасы медалі» бағ­дар­ламасын әмбебап және бірегей деп атауға болады. Оны әзірлеу кезінде жас­тар­дың өзін-өзі дамы­туын қол­дау бойынша әлемдік тә­жірибе еске­рілді. Біріншіден, бұл – Курт Хан­ның тұтас тәрбие берудегі 6 қа­ғидасы, сонымен қатар Ха­лық­аралық бакалавриаттың тәжі­ри­бесі және әлемнің 150-ден астам елінде таралған Эдинбург Герцогы сый­лығының бағдарламасы. Елбасы медалі – қатысу­шы­лардың 7 бағыт бойынша қыз­мет етуін көздейтін челлендж: спорт және дене шынықтыру, дарын мен дағды, кітап оқу, ұлттық мұра, ерік­тілік, туристік жорықтар және ең­бек тәжірибесі. Бағдарламаның үш деңгейі бар: қола, күміс және алтын. Деңгей алты айдан 18 айға дейінгі тапсырмаларды орындау мерзімін және жетістіктеріне қарай тап­сырмаларды айқындайды. Апта­сына орта есеппен 1-3 сағат. Білім және ғылым ми­нистр­лігімен бірлесіп «Білім ту­ралы» заң мен жоғары оқу орындарына түсу кезінде басым құқықты қоса ал­ған­да, бағдарламаға қатысушылар үшін көтермелеу шаралары жө­нін­дегі нормативтік актілерге өз­ге­рістер әзірленіп, қабылданды. 600-ден астам сертификатталған тәлімгер, сарапшы мен өңір­лік үйлестіруші дербес ак­каунты мен мобильді қосымша арқылы пе­даго­гикалық қолдау көрсетеді. «Ел үмі­ті» пор­талында жеке са­бақтарға ар­налған барлық әдісте­мелік мате­риал, соның ішінде ең танымал спорт түрлері, өнер, қол­өнер бойынша 576 бей­несабақ жүк­телген. Басты жетістік – бұл жас қа­зақстандықтардың өзгерістерге де­ген үлкен ұмтылысы – өздерін өзгерту арқылы қоршаған әлемді жақсы бағытқа өзгерту. Күн сайын еріктілік жұмыс шеңберінде бағ­дарламаға қатысушылар мұқтаж адамдарға қалай көмектесетіні ту­ралы ақпаратпен бөліседі. Жастар қоғамға көрсеткен пайдасын мақ­тан тұтады және өз жетістіктерін Ел­басы есімімен байланыстырады. Ауыл оқушыларына арналған «Мың бала» олимпиадасында 4 мың ауыл мектебінде 5 және 6-сы­ныптың 295 мың оқушысы, 600 мың ата-ана мен педагог қамтылды. Мектептегі дайындық сапасының әртүрлі екені ескеріліп, танымдық қабілеттерді бағалауға баса назар аударылды.

Білім және ғылым ми­нистр­лігімен бірлесіп, 24 ақпан мен 10 қыркүйек аралығында акаде­миялық қабілеттерді бағалау және онлайн тестілеуді қоса алғанда, екі кезең өткізілді. «Мың бала» олим­пиадасының қорытын­дысымен жеңімпаз атанған 1 000 бала, Нұрсұлтан Назарбаев қорының бағалы сыйлығы – онлайн оқуға арналған ноутбуктер табысталды, 338 жүлдегер дарынды балаларға арналған мамандандырылған мек­тептерде білімін жалғастырды және 2 мың финалист Елбасы Ака­демиясының онлайн мектебінде арнайы дайындықтан өтуде. Әр қатысушымен тұрақты кері бай­ланыс орнатылды. Мысалы, қор­дың байланыс орталығы арқылы 16 мың қоңырау өңделді. Әрбір фи­налист есепке алынған және оларға Елбасы Академиясының тьютор­лары бақылау жүргізеді.

Birge oqý онлайн мектеп жо­басын осы жыл ішінде білім беруде жүргізілген жүйелі өз­герістердің қатарына жатқызуға болады. Ка­рантинге байланысты жоба бел­гіленген мерзімнен бұрын іске қо­сылды және ел мектептерін қа­шықтан оқытуға көшіруде маңыз­ды рөл атқарды. Локдаун кезеңінде Birge oqý өткізген семи­нарлар мен курстардың арқа­сында мұғалімдер мен ата-ана­лардың бойындағы психологиялық қорқы­ныш жойыл­ды. 10 мыңға жуық педагог оқудан өтті, 3 мың мұғалім цифрлық мен­тор серти­фикатын алды. Елбасы Академиясының ко­мандасы қысқа уақыт ішінде мек­теп оқушыларын онлайн оқыту тұжырымдамасын әзірледі, норма­тивтік база дайындалды және НЗМ, РФММ және Нұр-Сұлтан қа­ласының мектептерінен 150 мұ­ғалімнен тұратын педагогикалық құрам қалыптастырылды. Bilim Media Group-пен бірлесіп ауылдық мектептердің 6-7-сынып оқушы­ларына арналған бейімделген қосымша білім беру бағдарламасы 2020 жылдың қазан айынан бастап іске қосылды. Өзгерістерді басқару ме­нед­жер­лерін даярлау бағдарламасы жас, бірақ жетілген және талантты ма­мандардың аудиториясына ба­ғытталған. Жоба қатысушылары – экономиканың, бизнестің, мем­лекеттік басқарудың түрлі сек­торларындағы 230 маман, 3 мың үміткерді іріктеу кезінде жоба командасы білім деңгейі, кәсіби тәжірибе мен дағдыларды ғана емес, сондай-ақ өзгерістерге қабі­леттілік, үйрену қабілеті, көш­бас­шылық, эмоцияналды интел­лект және стреске төзімділік сияқты «ерекше» құзыреттерді де ескерді. Үкімет Нұрсұлтан Назарбаев қорымен бірлесіп, Мемлекет бас­шысының Жолдауын жедел жүргізу үшін қажетті «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының нақты практикалық міндеттерінің шең­берін ай­қын­дады. Нақты мәселе бойынша шешімдер жобаларын дайындау үшін 11 негізгі сала бойынша 37 команда құрылды. Әрбір командаға салада мол тәжірибесі бар мен­торлар мен консультанттар бекі­тілді, сондай-ақ бағдарламаға қа­тысушылар кәсіби шеберлікке баулитын оқыту курсынан өтті. Нәтижесінде, жыл соңына дейін командалардың ұсыныстары Премьер-Министр бастаған бағ­дарламаның Басқарушы комитеті алдында қорғаудан өтіп, салалық министрлікте одан әрі іске асыру үшін құпталуы тиіс. Оқушылардың қабілетін анық­тауға арналған Qabilet қызметі да­рындарды анықтау мен басқарудың ұлттық жүйесінің өзегіне айналуы тиіс. Qabilet жобасы балалардың қабілетін мектеп нәтижелерін ба­ғалаудан тыс кең ауқымда анықтауға бағытталған. Өңірлердегі білім беру сапасының біркелкі емесін ескере отырып, арнайы білімді қажет етпейтін зияткерлік және жеке қабілеттердің диагностикасы ба­сымдыққа ие. Сингапур, Из­раиль, Оңтүстік Кореяның тәжірибесі көрсетіп отырғандай, мұндай тә­сілдеме және оқушы­ларды қа­білеттілік тесттерімен жаппай қам­ту, дарынды балаларды іріктеу кезінде пайдасы зор. Сарап­шылар­дың пікірінше, да­рындылық кө­біне­се дәстүрлі мек­тептің шең­бері­не сәйкес келмейді және диаг­нос­тика мен қолдаудың «нәзік» құрал­дарын қажет етеді.

Жобаны іс жүзінде жүзеге асыру облыс орталықтарында, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қала­ла­рында құрылған Qabilet 17 өңірлік таланттарды анықтау орта­лық­та­рының базасында жүзеге асы­ры­лады. Нысаналы топ оқушы­лары­ның қабілетін бағалау және кәсіптік бағдар беру, сондай-ақ одан әрі оқыту мен дамыту үшін дарынды балаларды іріктеу бойын­ша жал­пыұлттық сессиялар өткізу.

Qabilet қызметі таланттардың бірыңғай тізілімі сервистері және «Ел үміті», басқа да жобалар ар­қылы дарынды балаларды есепке алуды және сүйемелдеуді қам­тамасыз етеді. Елбасы академиясының қор­жынында барлығы 10 негізгі жоба бар, олар Нұрсұлтан Назарбаев қорының fnn.kz сайтынан көруге болады. Елбасы Академиясының командасында өз саласындағы ең үздік 20 маман жұмыс істейді. Жо­балық менеджмент, жобаларды цифрландырудың жоғары деңгейі, ең бастысы, команданың жүктелген миссия үшін жоғары уәждемесі мен жауапкершілігі «Ел үміті» баста­масының табысты болуына, ел да­муы үшін маңызына деген сенімнің бірегей атмосферасын құрды. Қазақстанның Тұңғыш Пре­зиденті негізін қалаған таланттарды басқарудың ұлттық жүйесінің негізі әлемдік тәжірибе мен үздік үл­гілерден кем түспейді және ол Қа­зақстанның дамуы үшін жоғары әлеуетке ие.

Фархад ҚУАНҒАНОВ, «Елбасы Академиясы» Корпоративтік қорының директоры