Мемлекеттік қызметкерлер жұмыста қайтадан смартфонды қолданатын болды
Мемлекеттік қызметкерлер жұмыста қайтадан смартфонды қолданатын болды
5,126
оқылды

Tengrinews.kz-тің жазуынша, бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев айтты.

«Мемлекеттік органдар орналасқан ғимараттардың иелері полициядағылармен бірге нұсқаулыққа қол қоюы керек. Содан кейін ғана мемлекеттік қызметкерлер ғимаратта смартфондарды қолдана алады. Ақпараттық қауіпсіздік мәселесі назардан тыс емес екенін түсіну маңызды. Әрине, ақпараттық қауіпсіздік бұл — мемлекеттік қызметкерлер мен мемлекеттік орган басшыларының жауапкершілігі» — деді министр.

Жұмағалиевтің айтуынша, қаулы Үкіметке жолдандаған. «Қаулы бүгін бекітілді. Ғимарат иелері мен полиция таяуда нұсқаулыққа қол қояды. Осыдан кейін ғана мемлекеттік қызметкер смартфон қолдана алады», — деді министр.

Айта кетейік, 2016 жылдан бері жұмыс кезінде мемлекеттік қызметкерлерге смартфон пайдалануға тыйым салынған.