Қарттар үйінен 11 адамның мәйіті табылды
Қарттар үйінен 11 адамның мәйіті табылды
128
оқылды

Бұл туралы «ҚазАқпарат» жазды.

Башқұртстанның Абзелилов ауданында алапат өрт болды. Ишбулдино ауылының Қызыл көшесінде бір қабатты ғимарат жанып кеткен. Ғимаратта қарттар үйі орналасқан. Өрт сөндірушілер өртті екі сағатта сөндірді. Төрт адам сыртқа өзі шығып үлгерген. Өртті сөндіргеннен кейін ғимараттан 11 адамның денесі табылды. Олар қарттар мен мүгедектер болуы мүмкін.

«Қаза болғандар туралы ақпарат нақтыланып жатыр. Өрт орнына Башқұрстан Республикасы бойынша Ресей ТЖМ Бас басқармасының бастығы Марат Латыпов барды. Өртті сөндіруге 16 адам мен 6 техника жұмылдырылды», – деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

Абзелилов ауданы басшысы Ильдар Нафиков: «Сағат 2:54-те кезекші пультіне 1960 жылы салынған, ішінде 16 адам тұрған ғимаратта өрт шыққаны туралы қоңырау түсті. Сағат 3:17-де өрт орнына өрт сөндірушілер жетті. Бес адамды өрттен алып шықты. Дабыл іске қосылғанымен, 11 адамды құтқару мүмкін болмады. Оқиға орнындамын. Ауданда төтенше жағдай режимі енгізілді», – деп мәлімдеді.