Өскеменде кәріз құдығына түсіп кеткен әйелді құтқарды
Өскеменде кәріз құдығына түсіп кеткен әйелді құтқарды
118
оқылды

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, Кузнечная көшесіндегі люктерді мердігер компания 2020 жылдың жазында орнатқан.

Оқиға 12 желтоқсанда кешкі уақытта болған. Құдыққа түсіп кеткен әйел 3 сағат бойы шыға алмаған.

«Үйде отырғанымызда айқайлаған дауыс естілді. Сыртқа шыққанымызда дауыс құдық жақтан шығып жатқанын аңғардық. Көршіме қоңырау шалдым. Ол ұзын баспалдақ әкелді. Әйелді құдықтан алып шықтық», – дейді Кузнечная көшесінің тұрғыны Юлия Шереметьева.

  [caption id="attachment_95293" align="aligncenter" width="800"]құдық Фото: yk-news.kz[/caption] Құдыққа түсіп кеткен тұрғын құлаған кезде қалтасынан телефонын түсіріп алған. «Терең құдықтан өз бетіммен шыға алмадым. Қанша айқайласам да ешкім көмекке келмеді. Сол маңайдан өтіп бара жатқандар тіпті тоқтамады. Негізінен, бұл құдық көктемнен бері ашық тұр», – дейді ол.