Қазақстандықтар юаньды көбірек сатып ала бастаған
Қазақстандықтар юаньды көбірек сатып ала бастаған
143
оқылды

2019 жылдың қазан айында қазақстандықтар шетел валютасын сатып алуға 250 миллиардтан астам теңге жұмсады Бұл 2018 жылдың қазанындағы көрсеткіштен 42,4 млрд теңгеге немесе 20,4% көп, – деп хабарлайды LS.

Ұлттық банктің мәліметінше, айырбастау пункттері 182,2 млрд теңгеге (+ 51%) америка валютасын сатты. Рубльге шамамен 50 млрд теңге (- 6,2%), еуроға – 17,8 млрд теңге (- 47%) және юаньға 98,3 млн теңге (шамамен 4 есе немесе + 271%) жұмсалған. Осылайша, биылғы қазан айында қазақстандықтар 250,1 млрд теңгеге шетел валютасын сатып алды.

Аймақтар бойынша ең көп доллар Алматыдан алынды. Қазан айында алматылықтар 69 млрд теңге жұмсады.

Доллар сатып алудан екінші орында Шымкент тұр – 32,2 млрд теңге. Атырау облысында – 13,4 млрд теңге, Нұр-Сұлтанда – 11,5 млрд теңге жұмсалыпты.

Америкалық валютаны сатып алушылардың ең аз көрсеткіші Ақмола облысында тіркелген – 2 млрд теңгеге жуық, Солтүстік Қазақстан облысында – 1,7 млрд теңге және Алматы облысында – 1,4 млрд теңге болды.

Еуроны сатуда жетекші позиция Алматыда, онда айырбастау пункттері 8,3 млрд теңгеге еуро сатқан. Одан кейінгі орындарда Нұр-Сұлтан – 2,4 млрд теңге және Қарағанды ​​облысы – 1,1 млрд теңге.

Тамыз айында ресейлік рубльді ең көп сатып алғандар Қостанай облысының тұрғындары болды – 9,8 млрд теңге. Одан кейін Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары – 8,2 млрд теңге және Павлодар облысы – 6,9 млрд теңге.

Ал, рубль сатып алудан ең төменгі көрсеткіш Жамбыл облысында – 301,8 млн теңге.

Юаньға келетін болсақ, Ұлттық банктің мәліметі бойынша, қытай валютасы Алматыда белсенді түрде сатып алынған – 48,6 миллион теңге, ал Нұр-Сұлтанда – 31,5 миллион теңге жұмсалыпты. Юаньға ең аз қызығушылық Шығыс Қазақстан мен Маңғыстау облыстарында тіркелген – әрқайсысы 600 мың теңге көлемінде.