Испанияда Абай атымен пошта маркасы шықты
Испанияда Абай атымен пошта маркасы шықты
178
оқылды

Халықаралық Түркі мәдениеті мен мұрасы қоры тағы да игі іске мұрындық болды. Олардың ықпалымен Испанияда Абайдың 175, Үзейір Гаджибейлидің 135 жылдығына орай пошталық маркалар шығарылды.

Пошта маркасының шығуына Түркі мәдениеті мен мұрасы қорымен қатар Испания корольдігіндегі Әзербайжан Республикасы елшілігінің себі тиген. Олардың ұйымдастыруымен Испанияда Түркі әлемінің екі ұлы қайраткеріне арналған пошта маркалары шықты. Бірі – ұлы Абай­дың 175 жылдығына арналса, екіншісі – Әзербайжан ұлттық музыка­сының негізін қалаушы Үзейір Гаджибейлидің 135 жылдығына арналды. Пошта маркасында олардың шығармашылығы, қалдырған мұралары бейнеленген. Сондай-ақ түркі әлемінің мәдени құндылықтары мен ұлттық музыкалық аспаптары бейнеленген пошталық маркалар Испания бойынша айналымға шықты. Маркілерді басып шығарудағы мақсат – халықаралық ауқымды аудиторияны Түркі әлемінің көрнекті тұлға­ларының шығармашылығымен таныстыру.

А.Айдарқызы