Күніне қанша мандарин жеген жөн?
Күніне қанша мандарин жеген жөн?
151
оқылды

Қыс түсісімен мандарин жемісі қазақстандықтар арасында танымал бола бастайды. Мандарин иммунитетті арттырады, организмнен токсиндерді шығарып, көңіл-күйді жақсартады. Алайда, цитрусты жеудің нормасын сақтамаса, зиянды жағы да бар, – деп жазады TengriMIX РИА Новостиге сілтеме жасап.

Суық мезгілде ағзаға дәруменнің артықтығы жоқ. Мандарин төмен калориялы және С дәруменіне бай жеміс. Диетолог Тамара Прунцева егер ағзада цитрустық жемістерге қарсы көрсетілімдер, жеке төзімсіздік және аллергиялық реакциялар болмаса, күніне төрт мандарин жеуді ұсынады.

 

мандарин 2.jpg
Описание изображения

Әйтсе де аш қарынға мандарин жеу зиян. Сондай-ақ, жемес бұрын жемісті жылы сумен жуған жөн Алайда, мандаринді мөлшерден артық жеу аллергиялық реакциялардың дамуына, іштің кебуіне, асқазан-ішек жолдарының созылмалы ауруларының өршуіне әкелуі мүмкін, өйткені жемісте көп мөлшерде талшық бар.