Аңшы өз ұлын бұғы екен деп атып тастады
Аңшы өз ұлын бұғы екен деп атып тастады
141
оқылды

АҚШ-тың Огайо штатындағы Элирия қаласында аңшы өз ұлын бұғы екен деп атып тастаған,  деп жазады The Columbus Dispatch газеті.

2 желтоқсанда 63 жастағы  Брэдли Смит 28 жастағы ұлы  Эндрюмен және достарымен бірге аң аулауға шыққан. Ұлынан басқасы тәжірибелі аңшы болған және соңғы 20 жылда үнемі аң аулаған. Аң аулау жергілікті уақыт шамамен 17:45-те басталған. Қас қарайған шақта аңшылар міндетті түрде қызғылт сары түсті аңшы киімін киюге тиісті болған. Алайда Эндрю аңшы киімін киюді ұмытып, алаңға шыққан.

Аңшы сол кезде өз ұлын бұғы екен деп атып тастаған. Эндрю сол жерде жан тапсырды. Аңшыға қарсы айып тағылған жоқ, өйткені оның ұлы қауіпсіздік ережесін бұзып, өз өліміне өзі кінәлі болып отыр.