82 жастағы зейнеткер үйіне түскен ұрыны ұрып жыққан
82 жастағы зейнеткер үйіне түскен ұрыны ұрып жыққан
119
оқылды
АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында тұратын Уилли Мерфи есімді зейнеткер әйел бұрыннан бодибилдингпен айналысады екен және оның бірнеше жеңісі бар. Зейнеткердің айтуынша, белгісіз біреу сағат 23:00-де есік қаққан. Ол жедел жәрдем шақыруды сұрапты. Алайда, зейнеткер бір жамандықты сезіп, есік ашпаған. Есікті сындырып, үйге кірмекші болған бейтаныс ер адамды қария орындықпен ұрып құлатқан, – деп хабарлайды КТК арнасы шетел басылымдарына сілтеме жасап.
апа 2.jpeg
Осыдан кейін әжей ұрыға шампунь шашып, оны соққының астына алады. Артынша полицияға хабарласқан. Алайда, тәртіп сақшыларының көмегі қажет болмапты. Оқиға орнына барған полицейлер болған оқиғаға таңғалды. Олар тіпті зейнеткермен фотоға түсуге кезекке тұрған. Ал бұзақы болса ауруханаға жеткізіліпті. Кейуана жасына қарамастан күн сайын 102 келі темір көтеріп, жаттығу залынан шықпайтын көрінеді. Бұған қоса ол бодибилдингтен жүлделі орындарға ие болып жүр.