«Қазақстандықтарға арналған вакцинадан чип табылды»: Желіде видеоескерту тарады
«Қазақстандықтарға арналған вакцинадан чип табылды»: Желіде видеоескерту тарады
232
оқылды
Желіде Қазақстанның барлық тұрғындарына арналған «видеоескерту» тарады. Роликтің авторы чиптері бар шприцтерді камерада көрсетеді. Кадр сыртындағы адам мұндай вакцинациядан кейін «адам бірден тозаққа түседі» дейді. Мұның барлығы – жалған. Шын мәнінде ролик авторының көрсеткені жануарларды чиптеуге арналған жүйелер. Оны кадрда көрінетін қаптамадағы жазудан білуге болады. Бұл Animal ID, ICAR Certified деген жазулар. Шприцтердегі дәл осындай чиптерді интернет-дүкендер мен дәріханалардан оңай табуға болады. Сипаттамада олар ірі қара мен ұсақ малдарға арналған деп жазылған. Құрылғылар жануарлардың терісінің астына енгізіледі және ақпарат беретін «паспорт» қызметін атқарады. Бұл шекарадан өткізілетін жануарлар үшін міндетті. Кейбір елдерде иелері мемлекеттен тыс шығаруды жоспарламаса да кез келген үй жануарын чиптеу міндеттеледі. Сондай-ақ COVID-19 вакцинасының бір дозасын сатып алып, оны үйге әкелу мүмкін емес екенін атап өткеніміз жөн. Жаппай вакцинациялау науқаны әзірге тек Ұлыбритания мен АҚШ-та ғана басталды, онда екпелер пациенттерге тек медициналық мекемелерде ғана жасалады. Қазақстанда азаматтарды вакцинациялау әлі басталған жоқ. Бұл видеодағы чип кез келген вакцинаның бөлігі бола алмайтындығын, тек үй жануарлары мен малды тіркеу құралы екенін дәлелдейді.