100-ге жуық алматылық қаржы пирамидасының құрбаны болды
100-ге жуық алматылық қаржы пирамидасының құрбаны болды
87
оқылды
Алматы тұрғындары ақшаларын салған жеке компанияға жаппай шағымданды, деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 14 желтоқсан күні Медеу аудандық полиция басқармасына қаржы ұйымына ақша салған 99 адамнан ұжымдық арыз түскен. Жәбірленушілердің айтуынша, компания басшысы салымшылардың қаржысын көбейтіп беретінін сылтауратып, ақша жинап, қызмет көрсету бойынша жеке келіссөздер жасаған.
«Аталған факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы, 3-бөлімі бойынша тіркелді. Істің мән-жайын анықтауға және кінәлі адамдарды жауапкершілікке тартуға бағытталған қажет тергеу және жедел іс-шаралар жүргізіледі»,- деп хабарлады полициядан.
Артынша әлеуметтік желіде алматылық қаржы пирамидасының директоры болуы мүмкін деген ер адамның видеосы тарады. Ер адам екі жыл бұрын компания құрғанын айтады. Қазіргі жағдай оның елде болмауына байланысты болған. Ер адам жақын арада Алматыға оралып, пайызбен салынған ақшаны қайтарып беруге уәде берді.