Жасөспірім қызбен жыныстық қатынаста болған бапкер 14 жылға сотталды
Жасөспірім қызбен жыныстық қатынаста болған бапкер 14 жылға сотталды
129
оқылды
Ақтауда кәмелетке толмаған қызбен жыныстық қатынаста болған каратэ-до жаттықтырушысына қатысты сот үкімі шықты. Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен бапкер 14 жылға бас бостандығынан айырылды. Қылмыстық іс 8 мамыр күні тіркелген болатын. Каратэ-додан жасөспірімдер жаттықтырушысы болып қызмет атқаратын ер адам алдымен, жеткіншек қыздың сеніміне кірген. Кейін жаттықтырушы ретінде ықпал ете отырып оның еркінен тыс бірнеше рет жыныстық қатынасқа түскен. Сот барысында прокурор сотталушыға 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.Қорғаушы тарап сотталушының іс-әрекетінде қылмыстық құрамның болмауына байланысты ақтауды сұрады. Жаттықтырушы өз кінәсін мойындаған жоқ.

«Сотта анықталған жағдайларға байланысты жаттықтырушы ҚР ҚК-нің 120-бабы 3-1 бөлігі 1, 2-тармақтарымен кінәлі деп танылып, оған өмір бойына педагогикалық, жаттықтырушылық қызметпен айналысуға тыйым салумен бірге, 14 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ»,- деді Маңғыстау облыстық соты баспасөз қызметінің басшысы Гауһар Нұрханова.