Шулықтар жетекші партияны қолдайды

Шулықтар жетекші партияны қолдайды

Жамбыл облысы Шу ауданы Сауытбек ауылының ауылдық клубында облыстық мәслихатқа үміткерлер Гүлбарам Тұрлыбек пен Аида Бекмурзина ауыл зейнеткерлерімен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Кездесуге қатысқан ауыл зейнеткерлеріне облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар партияның Шу ауданы бойынша бекітілген сайлауалды бағдарламасын егжей-тегжейлі түсіндірді. – Ауыл тұрғындарының табысын арттыруға, өңір де инвестицияларды тиімді салу, мемлекеттік қолдау шараларынан барынша нәтиже алу, қазіргі заманғы технологияларды енгізу, «Жамбылдықтардың тұрмыстық табысын арттыру» және «алқаптан сөреге дейін» атты пилоттық жобалардың арқасында дамыған агроөнеркәсіптік кешен құру жөніндегі жұмыс одан әрі жалғастырылады. Бұл үшін «Nur Otan» партиясы 2022 жылы 7 жаңа су қоймасының құрылысы есебінен 34,5 мың гектар суармалы жерді қалпына келтіруге, суармалы арналар мен дренаж жүйелерін қайта жаңартуға, суармалы жерлерді 177 мың гектардан 182,4 мың гектарға дейін қосымша қалпына келтіруге, жаңа прогрессивті технологияларды енгізуді тиімді пайдалануды, өндірістерді заманауи техникамен, цифрлық технологиялармен әртараптандыру және жарақтандыру есебінен ауылшаруашылығындағы еңбек өнімділігін жыл сайын екіге ұлғайтуды көздеуде. Сонымен қатар 2025 жылға дейін ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы алаңын 25 мың гектарға кеңейтуге, мал басының 110 мыңға және құстың 102 мың басқа өсуі есебінен өнім шығаруды ұлғайтуға, Шу ауданында 2 инвестициялық жобаны жүзеге асыруға, cыртқы өткізу нарықтарын дамыту, өндірілетін сүтті қайта өңдеуді 85%-ға дейін, етті 60%-қа дейін ұлғайтуға,       2,2 мың өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен жұмыссыздарды кәсіпкерлік қызметке, оның ішінде ауылдық өндірістік кооперативтерді ұйымдастыру арқылы тартуға, жыл сайынғы жәрмеңкелерді ұйымдастыруға, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру бойынша апта сайын мониторинг жүргізуге және әлеуметтік павильондарды ұлғайтуға ықпал етеді, – деді кандидаттар. Өз кезегінде елді мекен тұрғындары ауылға қатысты жол мәселесін, интернет желісінің жылдамдығы және сапалы ауызсумен қамтамасыз ету туралы ойларын жеткізді. Кездесу соңында зейнеткерлер үміткерлерге ақ жол тілеп, партияны қолдайтындары туралы айтты.

«Nur Otan» партиясының Жамбыл облыстық сайлау қорының қаражаты есебінен төленді