Трамвай жол-көлік оқиғасына себепкер болды
Трамвай жол-көлік оқиғасына себепкер болды

Павлодар мамандандырылған әкімшілік соты трамвай жүргізушісіне жол-көлік оқиғасына қатысты әкімшілік істі қарады, – деп хабарлайды zakon.kz Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сот анықтағанындай, Назарбаев-Торайғыров көшелерінің қиылысында трамвай басқарып келе жатқан жүргізуші маневрдің қауіпсіздігіне сенімді болмай тұрып және қауіпсіз жылдамдықты таңдамай, КамАЗ көлігінің алдына шығып кеткен, нәтижесінде Фольксваген Пассат автокөлігімен соқтығысу оқиғасы тіркелген.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан көлік құралдары бұзылып, материалдық шығын келтірілді.

Сотта құқық бұзушы өзінің кінәсін толық мойындап, өзінің жол-көлік оқиғасын жасағанын айтты, оның айтуынша трамвайдың тежеу ​​жүйесі күтпеген жерден істен шыққан.

– Сот қаулысымен азамат М. жол-көлік оқиғасы үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 35 350 теңге айыппұл салынды,– делінген сот қаулысында.