Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Сирия мен Ирактан оралғандар: Қазақстанда өмір сүруге бейімделе ала ма?

Былтырдың өзінде террористік аймақтардан 421 бала Қазақстанға оралды.

Анар Қоныс
Желтоқсан 15, 2020
Жаңалықтар, Әлеумет, Қазақстан
орал

©Сурет интернеттен алынды

116
қаралым

Міне, былтырғы көрсеткіш осындай екен. Сол аралықта екі арнайы операция арқылы соғыс аймағынан 421 бала елге оралған. Оның 407-сі – Сириядан. Ал Ирактан 14 бала қайтарылды. 34 бала ата-анасыз оралыпты. Болжам бойынша, олардың ата-анасы терроризм құрбаны болған.

Лаңкестік әрекетке толы аймақтан өз еліне оралған қазақстандықтардың ортаға қалай үйренгені жайында «Құқық» қоғамдық қорының жетекшісі Ольга Рыль сөз қозғады.

Оның айтуынша, 2019 жылы Қазақстан террористік аймақтағы балалар мен әйелдерді еліне қайтаруды мойнына алған. Тіпті, осыған орай Президент Жарлығы да шықты. «Біздің басты мақсат – террорлық ортадан ең алдымен баланы шығару. Себебі  бала – біздің болашағымыз. Олар ата-анасының таңдауына, қалауына жауап бере алмайды. Алайда шырғалаң ортадан шығу да қиын. Еліне орала алмайды. «Басқа түссе –  баспақшыл» дегендей, басына түскен қиын жағдайға ыңғайланады. Сондықтан қазір мемлекет те, Үкімет те бала құқығын қорғауға баса назар аударып жатыр. Ал қыз-келіншектерді еліне қайтару – екінші орында», – дейді Ольга Рыль.

Мысалы, «Жусан 1,2» және «Русафаның» арқасында 187 адам Қазақстанға оралған. «Құқық» қоғамдық қорының хабарлауынша, кейбірі еліне өз күшімен оралып үлгерген екен.  Жалпы, оралғандардың арасында 10 ер адам мен 3 әйел террористік ұйымдармен байланысы үшін сотталыпты.

Сирия, Ирактан Қазақстанға оралғандар алдымен оңалту орталығына орналастырылады. Сол жерде  «Құқық» қоғамдық қоры «Шанс» дағдарыс орталығымен бірлесе отырып, олардың құжаттарын реттеп, психологиялық көмек беріп, ағайын-туғанымен табыстырып, қолайлы жерге орналастыруға тырысады. Мәселен, әйелдер медициналық әлеуметтік көмекпен бірге, қайта даярлау курстарына қатыса алады. Теологиялық түзету жұмыстары жүргізіледі. Бастысы – балаларды мектепке даярлауға көп көңіл бөлу. Үшінші кезеңде олардың ортаға сіңуін, қоғамнан шеттеп қалмауын бақылайды.

Түркістандағы бес адамның өлімі: қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталды

Бір аяғы жоқ келіншек құрылыста жұмыс істеп, екі баласын асырап отыр

СҚО тұрғыны 10 жасар баланы зорлады деген күдікке ілінді

– Бұл жұмыс бүгінгі күнге дейін жалғасуда. Көбіне заңнамалық нормаларға байланысты іс-қағаздар жүргізілуі де оңайға түспеді. Қағазбастылық, оның уақытында берілмеуі, не қабылданбауы адамды әуреге салады. Мәселен, нәресте Сирияда дүниеге келген. Оның құжаттарын реттеп, осы елдің азаматтығын бергеннен кейін де мәселе бітпейді. Балаға мемлекеттен жәрдемақы алу үшін оның асыраушысы жоғы не болмаса әкесі қайтыс болғаны сот арқылы шешіледі. Сонда ғана келіншек жалғызбасты ана ретінде танылып, жәрдемақы алуы мүмкін. Бірақ көп келіншектер соттың осындай шешімінен жәрдемақыдан қағылды. Міне, осындай отбасының бірі әлі біздің орталықта тұрып жатыр, – дейді Ольга Рыль.

Сириядан алғаш келген әйелдердің арасында үшем туған келіншек те болған. Үшемді туған соң оған пәтер, массажист жалдауға қаржылай көмектесіпті.  «Соның арқасында үшем аяққа тұрып, жүре алатын болды. Келіншек тауып берген жұмысты таңдап-талғамады. Қолынан келгенше жұмыс істеді. Қазір табысы да, жұмысы да жақсы. Жалпы, бізге түрлі қыз-келіншектер келді. Арасында  хиджаб киіп алғандары да, кимей кеткендері де бар. Ең ауыры – бала мен ананың айырылуы. Бізге 2016 жылы 8-сыныпта оқитын ұл бала келді. Оны елден әкесі алып кетіпті. Ол кезде ерлі-зайыптылар ажырасып, 4 сыныптағы бала әкесінің тәрбиесінде қалады. Ал үлкен ұлы шешесінде болады. Әлгі баланың білім деңгейі төмен болып шықты. Өзі сабақ оқымаған, мектепке бармаған. Мектеп бағдарламасына ілесуі үшін арнайы мұғалім жалдадық. Ортаға сіңісіп, анасымен тіл табысуға көп уақыт керек болды. Қазір ол баланың жағдайы жақсы, анасымен бірге тұрады», – дейді Ольга Рыль.

Ол оларды өмірге бейімдеу үшін Қазақстан, Өзбекстан және Қырғыз Республикасы арасында онлайн режимде конференция өткізіп, жан-жақты талқылап, тәжірибе алмасқанын жеткізді.

 
Тегтер: анаәкебаладағдарыс орталығыИракИранСирия
Алдыңғы жаңалық

Кореяның 2020 жылдағы ең үздік ойыншысы анықталды

Келесі жаңалық

Лисаков тұрғындарымен жаңа жұмыс орындарын ашу мәселесі талқыланды

Ұқсас жаңалықтар

коронавирус
Жаңалықтар

Коронавируспен күрескен дәрігерлерге ескерткіш қойылады

Наурыз 1, 2021
БҚО
Қазақстан

БҚО-да карантин шаралары жеңілдетілді

Наурыз 1, 2021
Алматыда
Жаңалықтар

Алматыда автобус апатынан 57 жастағы әйел мерт болды

Наурыз 1, 2021
Тұрғын үй
Жаңалықтар

Қазақстанда тұрғын үй бағасы неге қымбаттап жатыр?

Наурыз 1, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Коронавируспен күрескен дәрігерлерге ескерткіш қойылады

Наурыз 1, 21:35

БҚО-да карантин шаралары жеңілдетілді

Наурыз 1, 20:56

Алматыда автобус апатынан 57 жастағы әйел мерт болды

Наурыз 1, 20:29

Қазақстанда тұрғын үй бағасы неге қымбаттап жатыр?

Наурыз 1, 19:58

Дзюдодан «Grand Slam» жарысына қатысатын спортшылар белгілі болды

Наурыз 1, 19:51

Білім және ғылым вице-министрі 1 наурыздан бастап оқушылар қалай оқитынын айтып берді

Наурыз 1, 19:31

Бақыт Сұлтанов азаматтардың сұрақтарына жауап берді

Наурыз 1, 19:21
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

коронавирус

Коронавируспен күрескен дәрігерлерге ескерткіш қойылады

Наурыз 1, 2021
БҚО

БҚО-да карантин шаралары жеңілдетілді

Наурыз 1, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»