Зеленский Путинмен не туралы сөйлескенін айтты
Зеленский Путинмен не туралы сөйлескенін айтты

Украина президенті Владимир Зеленский 25 қарашада Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескені туралы айтты. Бұл туралы ол Эстония президенті Керсти Кальулаидпен бірлескен брифингте мәлімдеді, – деп хабарлайды Украинаның «112» телеарнасы.

Украина басшысы 2018 жылдың қарашасында Керчь жағасында ұсталған және өткен аптада украин жағына қайтарылған кемелерден жоғалып кеткен мүлікті қайтаруды сұрады.

«Біз барлық техникалық құрал-жабдықтардың жоқтығы туралы мәселені талқыладық. Президентпен біз Ресей тарапы бұрын кемеде болғанның бәрін бізге қайтарады деп сөйлестік», – деді Владимир Зеленский.

Сонымен қатар, Путин мен Зеленский бүкіл Еуропа бойынша энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін газ туралы жаңа келісімге мерзімінен бұрын қол қою қажеттілігі туралы сөйлескен.

Украина Президенті Ресей Федерациясының басшысымен «Норман кездесуі» туралын талқыламағанын атап өтті, өйткені мұндай пікірталас 9 желтоқсанға жоспарланған.