Лисаков тұрғындарымен жаңа жұмыс орындарын ашу мәселесі талқыланды
Лисаков тұрғындарымен жаңа жұмыс орындарын ашу мәселесі талқыланды
5,128
оқылды

Nur Otan партиясының сайлауалды үгіт насихат жұмыстары жалғасуда. Үміткерлер жер-жерді аралап, әлеуметтік мәселелер төңірегінде туындаған сұрақтарды назарға алып отыр.

Қостанай облысының Лисаков қаласы тұрғындары «Вдохновение» би студиясының жетекшісі, «Nur Otan» партиясынан Қостанай облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Абдикаримова Татьяна Сергеевнамен кездесу өткізді. Партия белсенділері, қоғамдық пікір көшбасшылары мен партиялық тізімдегі кандидаттар өңір аумағының жартысынан астамын аралап, жүздеген кездесулер өткізді. Түрлі жиындарға аграршылар, мұғалімдер, дәрігерлер және ерекше қажеттіліктері бар адамдар қатысты. Көпбалалы аналармен кездесу барысында әйелдерді әлеуметтік қолдау шаралары талқыланды. Лисаков тұрғындармен кездесуде барысында әлеуметтік нысандар салу және жаңа жұмыс орындарын ашу мәселелері көтерілді. – «Nur Otan» халықтың партиясы ретінде әрдайым елдің мұң-мұқтажына үн қатып жүреді. Көмек сұрап келген кез-келген жан біздің партиямыздан өз мәселесінің шешімін табатыны сөзсіз. Партияның алдағы 5 жылға дайындаған бағдарламасы халық арасынан жиналған ұсыныстар негізінде жасалған. Себебі Nur Otan халық үніне құлақ асатын партия, – деді Татьяна Абдикаримова.

«Nur Otan» партиясы Қостанай облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді