Францияның France Football журналы футбол тарихындағы ең үздік құрамды жариялады. Оған өз клубтары мен ұлттық құрамаларының лидерлері енді. Басылым 3-4-3 схемасы бойынша команда жасақтап шықты.
France Footbal нұсқасы бойынша үздік құрам төмендегідей: Қақпашы: Лев Яшин (КСРО) Қорғаушылар: Паоло Мальдини (Италия), Франц Беккенбауэр (Германия), Кафу (Бразилия) Жартылай қорғаушылар: Лоттар Маттеус (Германия), Хави (Испания), Диего Марадона (Аргентина), Пеле (Бразилия) Шабуылшылар: Криштиану Роналду (Португалия), Роналдо (Бразилия), Лионель Месси (Аргентина).