Кореяның 2020 жылдағы ең үздік ойыншысы анықталды
Кореяның 2020 жылдағы ең үздік ойыншысы анықталды

Корея футбол ассоциациясының (КФА) шешімі бойынша «Тоттенхэм» ойыншысы Сон Хын Мин Кореяның ең үздік ойыншысы атағына ие болды. Бұл жүлдені Сон 2013, 2014, 2017, 2019 жылдарда да еншілеген болатын.

КФА твиттер парақашасында: «Біз Сон Хын Мин дәуірінде өмір сүріп жатырмыз. Капитанымыз және «Тоттенхэм» ойыншысын мақтан тұтамыз», – деп жазды. Сон «Тоттенхэмге» 2015 жылы ливеркузендік «Байер» сапынан ауысып келген еді. Футболшы мен клуб арасындағы келісімшарт 2023 жылға дейін жарамды. Солтүстік лондондықтар келісімшартты 2025 жылға дейін созғысы келеді. Клуб басшылығы келіссөздер сәтті аяқталып, Оңтүстік Кореяның үздік аяқдопшысы клубта қалатынына үлкен сеніммен қарап отыр. Сон Хын Мин биылғы маусымда «Тоттенхэм» сапында барлық турнирлерде 19 ойынға қатысып, 13 мәрте қақпаны дәл көздеп, 7 рет голдық пас берген. Сонымен бірге 10 голмен Англия Премьер-лигасының сұрмергендер тізімінде екінші орында келеді.