Сыртқы саясатымыз айқын
Сыртқы саясатымыз айқын
138
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақ­станда аккредиттелген шетелдердің дипломатиялық миссиялары басшыларымен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Қазақстан Президенті дип­­ломатиялық корпус өкіл­дерімен кездесудің жақсы дәс­­түрге, екіжақты және көп­жақ­­ты ынтымақтастықты ны­­ғайтатын маңызды шара­ға ай­налғанын атап өтті. Қа­сым-Жо­март Тоқаев мұндай диа­лог елі­міздің ішкі және сыртқы сая­сатындағы ба­сым­дықтарын тал­қылауға мүм­кіндік бере­тінін айтты.

– Біз елімізде теңгерімді сая­­­си жаңғыруды бір­тін­­деп жүзеге асы­ра­мыз. Эко­номикалық ынтымақ­тас­тық және даму ұйы­мына мү­ше жетекші ел­дердің стан­­­дарттарына ба­сым­дық бе­ре­міз. Үкімет осы мақсатқа жету жолында ба­тыл әрі нық қадам жасайды. «Күшті Пре­зи­дент – ықпалды Пар­ла­мент – есеп беретін Үкі­мет» – Қа­зақстанның мем­­­ле­кеттік жүйесінің негізгі ны­­шандары, – деді Мемлекет бас­­шысы.

Президент диплома­тия­лық мис­сия басшыларына «ха­лық үні­не құлақ аса­тын мемлекет» тұ­жырымда­ма­сы­ның жүзеге асы­рылуы, Ұлттық қоғамдық се­нім кеңе­сі туралы айтты.

– Үкімет азаматтардың тұр­­мыстық қажеттіліктеріне уа­қытылы көңіл бөлу үшін жұ­мыс істеп жатыр. Мемлекет бас­шысы ретінде қоғамдағы плю­рализмді қолдап, оны ілге­рілету мақсатында саяси партиялардың дамуына мүд­делімін. Сондықтан қазіргі уа­­­қытта бейбіт шерулердің өт­­кізілуін реттейтін заң­на­малық нор­малар қайта қа­ралу­­да. Біз барлық мемле­кет­тік ор­ган­дардың есеп беруін арт­­­тыру үшін аза­мат­тық инс­титут­тардың рө­­лін күшейте түсеміз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент құқық қор­ғау және сот жүйесін ре­фор­­малау туралы айта ке­ліп, мемлекеттің әл-ау­қа­тын арт­тыру ісі аталған инс­ти­тут­тарға деген халықтың сені­мі­не байланысты екеніне тоқ­талды.


– Мемлекеттік ап­парат­тың саяси тұрақтылығы мен тиімділігін экономикалық өсі­мнен бөліп қарауға бол­май­ды. Бұл бағытта бірқатар же­тіс­тік бар. 2019 жылдың 10 айында еліміздің жалпы ішкі өнімі 4,4 пайызға өсті. Doing Business-2020 рейтингінде Қа­зақстан – 25-орында. Бә­се­кеге қабілеттіліктің жаһан­­дық индексінде еліміз 55-орын­да тұр. Алдағы бес жыл ішінде халықаралық рей­тингтегі позициямызды ай­тарлықтай жақсартуды жос­парлап отырмыз, – деді Қа­зақстан Президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қа­з­ақстанның халықаралық ын­тымақтастыққа бұ­рын­ғыдай ашық екенін, стра­те­гиялық серіктестермен жә­не барлық мүдделі елдер­мен конструктивті әрі тең­ге­рім­ді ықпалдастық орнату сая­сатын жалғастыра береті­нін атап өтті. Сыртқы сая­са­ты­мызда жаһандық кон­фес­си­яаралық келісімге, төз­беу­шілік және радикализм идео­логиясын таратуға қарсы кү­реске баса мән береміз.

– Біз өңірлік және жаһан­дық тұрақтылықты қам­та­ма­сыз етуге бағытталған конструктивті бастамаларды іл­ге­рі­ле­теміз және қолдай­мыз. Бұл, ең алдымен азия­лық және еуроазиялық қауіп­сіз­дікті нығайту, ядролық жә­не террористік қауіп-қа­тер­дің алдын алу, – деді Мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, Ре­сеймен, Қытаймен, АҚШ-пен, Еуропалық Одақ және Орталық Азия елдерімен өзара қарым-қатынас орнату Қазақстанның сыртқы сая­са­тындағы басым бағыты бо­лып қала береді. Сонымен қа­тар Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның халықара­лық ұйымдар мен қаржы инс­титуттары аясында көп­жақ­ты ынтымақтастық пен ық­палдастықты дамыту жө­нін­дегі жұмыстарды жалғас­тыра беретінін айтты.

Кездесу соңында қалып­тас­­қан дәстүр бойынша дип­­ломатиялық корпустың дуайені – Беларусьтың Қа­зақ­стандағы елшісі Ана­толий Ничкасов сөз сөйледі.