Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Әлеумет

Түркістандық балаларға орталық тарту етті

«Айқын» ақпарат
Желтоқсан 16, 2020
Әлеумет, Жаңалықтар, Қазақстан
Түркістан
19
қаралым

Бұрнағы күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен «Ел үміті» және «Қамқорлық» бастама­лары форумында Нұр-Сұлтан қаласы, Ал­ма­ты, Атырау, Ба­тыс Қазақ­стан, Жамбыл, Қос­танай, Шығыс Қазақстан облыс­тары­мен бірге Түркіс­тан облысында да оңалту орта­­лығының  ашылу салта­наты болды.  

Онлайн режимдегі форумға қатысушылар ал­дында сөз алған Елбасы мемлекет тәуел­сіздіктің алғашқы жылдарынан бастап   бәсе­кеге қабілетті жастарды тәр­бие­­леуге ерекше назар аударып келе жатқанын айтты.

– Жастар жылы аясында да­рын­ды балаларды қолдау мақ­сатында мен «Ел үміті» бастамасын ұсындым. Сонымен қатар біз маңызды жоба – «Қамқорлықты» бастадық. Бүгін біз осы бас­тама­лардың нәтижелерімен та­ныс­тық, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Онлайн жүйеде өткен шарада Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев сауықтыру орталығының тұсауын кесіп, Ел­басының еліміздің дарынды жас­тарын анықтау және қолдау бо­йынша «Ел үміті» бастамасының жеңім­паздарын марапаттады.

Ішімдікке салынып, инеге отырған ата-ананың баласына кім жауапты?

Астана әкімі оңалту орталықтарын кеңейту туралы айтты

Қазақстанда жаңа көлікті қай өңірдің тұрғындары көп мінеді?

«Елбасы медалі» бойынша бес бағытта көш бастаған Сарыағаш ауданының оқушысы Марғұлан Әділбек, «Мың бала» ұлттық олим­­пиадасының жүлдегері, Жеті­сай ауданының  «Дарын» мек­теп-интернатының оқушысы Өтел­бай Дәуірхан, Шымкент қа­ла­сындағы ер балаларға арнал­ған лицей-интернатының оқу­шысы Шерхан Жамбеков арнайы ме­дальға ие болды.

Түркістан

Нұрсұлтан Назарбаев қоры­ның «Қамқор­лық» оңалту орта­лығы Түркістан облыстық балалар ауруханасының тұсынан ашылды. АҚШ, Италия, Германия, Аустрия және Ресей мемлекеттерінен әкелінген 100-ге жуық жаңа құ­рал-жабдықпен қамтылған. Бас серіктес – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ. Орталық Түр­кістан облысы мен Шымкент қаласының бала­ларын қабылдайды.

Тиімді емдеу тәсілінің бірі – ғарышкерлерге арналған сен­сорлы киім. Сауықтыру орта­лығында «Тіркеуге арналған аудио­метриялық модуль» орна­тылған. Түркістан облысындағы алғашқы құрылғының көмегімен жаңа туған нәрестелерден бастап гиперкинетикалық сал ауруы және аутизммен ауыратын нау­қастарды зерттеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ бейне-элек­троэнцефалография кабинеті жұ­мыс істейтін болады. Бұл – ерекше қамқорлықты қажет ететін балалар үшін таптырмайтын мүм­кіндік.

Жалпы ааумағы 500 шаршы метрді қамтитын орта­лықта меха­нотерапияға арналған жабдықтар, иппотерапияға арналған s-rider Sky тренажері, «Атлант» нейро-ортопедиялық пневмо­костюмі, «Мультистенедер Дженкс» тре­нажері, жүруге және аяқ-қолдарға арналған тренажер, позициялық жүйелер, монтессори дамытушы тренажерлар жиынтығы мен қол­дың ұсақ моторикасын дамытуға арналған ойын тера­пиясы жиын­тықтарымен жасақталған.

Орталықта білікті мамандар соңғы емдік әдіс­терді пайдалана отырып нейро-орто­педиялық ақауы бар балалар мен жасөспірім­дерге кешенді медициналық-әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық көмек көр­сетіп, сауықтыру шараларын жүргізеді. 17 ма­ман, оның ішінде реа­билитолог, физио­терапевт, 5 ЛФК нұсқаушысы, неонатолог, нев­ролог, логопед, дефектолог, пси­холог дәрігерлері жұмыс істейді. Мамандардың барлығы арнайы даярлықтан өткен.

Оңалту курсы 21 күнді құрай­ды. Мұнда жылына 360 баланы сауықтыру жоспарлануда. Ерте даму орталығындағы кешенді ем мүм­кіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік және ақыл, дене жағынан дамып, жетілуін қалып­тастыруға септігін тигізеді. Атап айтқанда, қозғалыс пен сөйлеудегі көрсеткіштерін қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

«Қамқорлық» бастамасы – ерекше қажет­тілігі бар балаларға арналған қам-қарекет. Инклю­зивті қоғамды дамыту – мемлекет пен қоғам алдында тұрған аса маңызды міндеттің бірі. Қазақ­станда ерекше білім алу қажеттілігі бар 153 000 бала бар.

Тельман БЕЙСЕН,
Түркістан облысы

 
Тегтер: балаларОңалту орталығыорталықТүркістанфорум
Алдыңғы жаңалық

«Тәуелсіз Қазақстан үшін еңбек ету – қастерлі парызымыз» – Тоқаев

Келесі жаңалық

Ерен еңбек еленген күн

Ұқсас жаңалықтар

карантин
Жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда карантин жеңілдетіледі

Ақпан 26, 2021
Партия күні қарсаңында «Nur Otan»-ның қатарына мыңнан астам қазақстандық қосылды
Жаңалықтар

Партия күні қарсаңында «Nur Otan»-ның қатарына мыңнан астам қазақстандық қосылды

Ақпан 26, 2021
диплом
Жаңалықтар

29 мұғалім жалған дипломмен сабақ берген

Ақпан 26, 2021
Алматы облысы
Жаңалықтар

Алматы облысында АН-2 ұшағының неліктен шұғыл қонғаны белгілі болды

Ақпан 26, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұр-Сұлтанда карантин жеңілдетіледі

Ақпан 26, 16:31

Партия күні қарсаңында «Nur Otan»-ның қатарына мыңнан астам қазақстандық қосылды

Ақпан 26, 16:21

29 мұғалім жалған дипломмен сабақ берген

Ақпан 26, 16:10

Алматы облысында АН-2 ұшағының неліктен шұғыл қонғаны белгілі болды

Ақпан 26, 15:58

Алматы облысында Ан-2 ұшағы апатты жағдайда жерге шұғыл қонды

Ақпан 26, 15:46

Мемлекеттік хатшы Жамбыл ескерткішіне гүл шоғын қойды

Ақпан 26, 15:18

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жанармай бағасының өсуіне байланысты пікір білдірді

Ақпан 26, 14:29
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

карантин

Нұр-Сұлтанда карантин жеңілдетіледі

Ақпан 26, 2021
Партия күні қарсаңында «Nur Otan»-ның қатарына мыңнан астам қазақстандық қосылды

Партия күні қарсаңында «Nur Otan»-ның қатарына мыңнан астам қазақстандық қосылды

Ақпан 26, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»