Алматы облысында өтірік айтқан әйел үш жарым жылға сотталды
Алматы облысында өтірік айтқан әйел үш жарым жылға сотталды
184
оқылды

Талғар аудандық соты Қылмыстық кодекстің 419-бабы 3-бөлігі бойынша 31 жастағы әйелді «ауыр қылмыс жасады» деген айыппен өтірік айтқаны үшін 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

Қоғамнан оқшаулау түріндегі қатаң үкім сотталушының бұған дейін де осы бап бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылғанына байланысты болып отыр. Айта кетейік, биыл 26 наурызда Алматы облысы Талғар аудандық сотының үкімімен оған 3 жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған. Бұрын да өтірік айтқан әйел үш ер адам зорлағанын айтып, шағым түсірген.

Талғар АПБ бастығы орынбасарының міндетін атқарушы, полиция капитаны Ғалым Иманғалиев: «Тергеу барысында тергеуші жәбірленушінің жауаптарынан қарама-қайшылықтарды анықтады. Содан кейін өтірігі әшкере болған әйел зорлық-зомбылық дерегі болмағанын мойындады. Танысына деген өшпенділікпен кек алу мақсатында жалған айыптағаны белгілі болды», – деді.