Үздік әскери қызметшілер марапатталды
Үздік әскери қызметшілер марапатталды
150
оқылды

Қорғаныс министрлігінде Тәуелсіздік күніне арналған онлайн форматта салтанатты жиналыс өтті.

«Елбасының стратегиялық шеберлігінің, көрегенді де сыңдарлы саясаты мен парасаттылығының арқасында Қазақстан өңірдегі ең тұрақты ел  болып қалыптасты. Қазақстан Республикасының Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен еліміздің қорғаныс қабілеті ұдайы нығаюда», - де Қорғаныс министрі, генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев.

Қорғаныс министрімен өткен салтанатты жиында әскери қызметшілерге мемлекеттік наградалар табыс етілді. Жоғары көрсеткіштері мен үлгілі қызметі үшін Қорғаныс министрінің бұйрығымен 14 офицерге мерзімінен тыс әскери атақ берілді.    width=   2019 жылдан бері өткізіліп, әскерлерде үлкен танымалдыққа ие болған және өздерінің кәсіби шеберліктерін жетілдіруде әскери қызметшілерге жігерлендіретін «Әскер тарланы» конкурсының қорытындысы шығарылды.

Аталған конкурстың қорытындысы бойынша мамандықтар бойынша 24 үздік әскери қызметшіге естелік мүсіндер, дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді.