Одаққа ортақ зейнетақы жүйесі
Одаққа ортақ  зейнетақы жүйесі
113
оқылды

Еуразиялық экономи­ка­лық одаққа мүше мемле­кет­тер ұйым еңбекшілерін зей­не­та­қы­мен қамсыздандыру ту­ра­лы келісім жобасын әзір­леді.

Мүше мемлекеттердің еңбек­ші­лері мен олардың отбасы мү­­­шелерін зейнетақымен қам­­­та­масыз ету 2014 жылғы 29 ма­­­мырдағы Еуразиялық эко­но­микалық одақ туралы шартта көз­делген.

Бүгінгі таңда мүше мемле­кет­­тердің зейнетақы жүйелері әр­­түрлі. Айырмашылық – зей­не­тақы жүйесін қаржы­лан­дыру және зейнетақы қаражатын бөлу тәсілінде жатыр. Бұдан басқа, зей­нетақымен қамсыздандыру жүйесі құрылымдық жағынан зей­неткерлік жасына байланысты, зейнетақы аударымдарының мөл­шері, көздері және басқа да параметрлері бойынша ерек­шеленеді.

Сонымен қатар Шарт жоба­сын­да мүше мемлекеттердің ұлт­тық заңнамаларының барлық ерек­шеліктері ескерілуге тиіс. Оның негізгі мақсаты – мүше мем­лекеттер еңбекшілерінің зей­нетақы құқықтарын жұмысқа орналастырушы мемлекеттің азаматтарымен тең жағдайда жә­не сол тәртіппен қалыптастыру және басқа мүше мемлекеттердің азаматтарына осындай жағдайлар туындағанда өз азаматтарына берілетін құқықтар көлемінде зейнетақымен қамсыздандыру құ­қықтарының көлеміне кепіл­дік беру.

Келісімнің жобасына сәй­кес, басқа мүше мемлекеттің аума­ғында еңбек немесе өзге қызметті жүзеге асыру арқылы зейнетақы құқықтары қалыптасқан не оны қалыптастыратын еңбекшілер ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің аза­маты саналады.

Осыған байланысты еңбек­ші­лердің ЕАЭО-ға мүше мем­ле­кеттердің аумағында жұ­мыс­­қа орналасу кезінде жұ­мыс беру­шілермен еңбек қаты­нас­тарын ресми түрде рәсімдеуі – еңбек шарт­тарын жасасуы, осылайша, өздерінің зейнетақы құқықтарын қалыптастыру өте маңызды.

Бүгінгі таңда Еуразиялық эко­номикалық одаққа мүше мем­лекеттердің аумақтарында жүз­деген мың еңбек мигранты заңды негізде жұмыс істейді. Оларды және отбасы мүшелерін зейнетақымен қамсыздандыру мә­селесін реттеу маңызды. Мы­салы, Ресейде Қазақстанның 35 мың­нан астам азаматы еңбек етеді.

Зейнетақымен қамсыздан­дыру туралы шарттың күшіне енуі азаматтарға еңбек ету кезінде алған зейнетақы құқықтарының іске асырылуын және қорғалуын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ бел­гіленген рәсімдерді сақтауды ын­таландырады. Қазақстан Келі­сімнің жинақтаушы зейнетақы жүйесі бөлігіне қатысады.

Бұл ЕАЭО елдерінің еңбек­ші­лері Қазақстан азаматтары сияқ­ты жинақтаушы зейнетақы жүйесіне ай сайын БЖЗҚ-ға 10% міндетті зейнетақы жарналарын аудару арқылы Қазақстанның ұлттық зейнетақы заңнамасында белгіленген тәртіппен қатыса­ты­нын білдіреді.

Мәселен, Қазақстан Ішкі іс­тер министрлігі Көші-қон қыз­метінің деректері бойынша, 2019 жылғы 1 қаңтарда еліміз­де «жұмысқа орналасу» мақ­са­тын­да ЕАЭО-ға мүше мемле­кет­тердің 34 619 азаматы, оның ішінде Арменияның – 3 121, Беларусьтың – 1 189, Қыр­ғыз­станның – 5 493, Ресейдің 24 816 азаматы тіркелген.

Келісім жобасының 2-ба­бы 2-тармағына сәйкес Қа­зақ­­­станның жинақтаушы зей­­­­нетақы жүйесіне қатысу олар­­­ға зейнеткерлік жасқа же­туі­­­не байланысты зейнетақы алуы­­­на мүмкіндік береді. Егер мү­­­ге­дектік мерзімсіз белгі­лен­­­­­­се, 1 және 2-топтағы мү­ге­­­дек­тік белгіленгенде зейне­­­­та­­­қы жарналары есебінен қа­­­­­лып­тастырылған бірыңғай жи­нақтаушы зейнетақы қоры­ның зейнетақы төлемдерін, мұра­герлеріне біржолғы төлемді алуға жағдай жасайды.

Келісімге қол қою кезінде БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы тө­­лемдері ЕАЭО-ға мүше мемле­кет­тердің еңбекшілеріне сол шарт­тарда және Қазақстан аза­маттарына, яғни жалпыға ортақ бел­гіленген жасқа жеткенде, ай сайын жинақтары таусылғанға дейін жүзеге асырылады. Келі­сім­ге 2019 жылдың соңына дейін қол қою жоспарланған.

 

Маржан ЕРТІС