Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

ADAL: Мал жаятын жер жоқ

ADAL партиясынан депутаттыққа кандидаттардың өңір тұрғындарымен бірқатар кездесулері өтті. Партиялық бағдарламаны, сондай-ақ елді мекендердің проблемалық мәселелерін белсенді талқылау Алматы, Шымкент қалаларында, Павлодар және Ақмола облыстарында жүргізілді.

Нұрбек БАҚЫТ
Желтоқсан 16, 2020
Жаңалықтар, Adal, Сайлау-2021
ADAL: Мал жаятын жер жоқ
51
қаралым

Парламент Мәжілісінің ADAL депутаттығына үміткер Ләззат Чинкисбаева Райымбек ауданының Нарынқол ауылының және Алматы облысы Кеген ауданының Кеген ауылының тұрғындарымен кездесті.

Ауыл тұрғындары көтерген сұрақтар тұрғын үй жағдайына, сондай-ақ коммуналдық саладағы жағдайдың жақсаруына қатысты өрбіді.

­– Біз де, қала тұрғындары сияқты, жайлы жағдайда өмір сүргенін қалаймыз!  Біздің үйлерімізге газ кіріп тұрса, ауыз су мен дәріханалар әрдайым қол жетімді болса, – деді Нарынқол ауылының тұрғындары.

Ләззат Шыңғысбаева: «Партияның сайлауалды бағдарламасының мақсаттарының біріне сәйкес ауылдық аумақтарды дамыту – елдің тұрақтылығы мен азық-түлік қауіпсіздігінің кепілі. Елдің дамуы нақты ауыл мен қаланы дамытудан басталады. Бұдан басқа, «ADAL» еліміздің әрбір тұрғынына өңірлердегі кездесулерде де, біздің сайтта да оның тұрған жерінің проблемасы туралы хабарлауға мүмкіндік береді. Осылайша, қиындықтарды жоюға және қалалар мен ауылдарды одан әрі дамытуға үлес қосамыз», – деді.

Кеген ауылындағы мұғалімдермен және кітапханашылармен кездесу барысында Ләззат Шыңғысбаева партияның цифрлық платформасы туралы айтты.  Оларды партия веб-сайтындағы «Адал-бағдар» қызметіндегі балаларға арналған бейіндік тестілеу ерекше қызықтырды.

Партия күні қарсаңында «Nur Otan»-ның қатарына мыңнан астам қазақстандық қосылды

Өткен жылға есеп берді

Nur Otan партиясы Төрағасы Бауыржан Байбекті қабылдады

 

Депутаттыққа үміткер ауылдастарының үйінде де болды.  Солардың бірі – Тоқтаровтар отбасы.  Келуінің мақсаттары туралы айтқаннан кейін Лаззат Чинкисбаева партияның бағдарламасымен бөлісті.  Отағасы Бекет 10 қаңтарда ADAL партиясына дауыс беруге уәде берді.  Ол үкіметте белсенді жастар көбірек болуы керек деген пікірін білдірді.

Партия мүшелері Атырау облысында да кездесу өткізді.

Мұнда Мәжіліс депутаттығына үміткер Алина Асқарова тұрғындармен пікірлесті.  Кездесулердің бірі Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында жастармен өтті.

Оған қатысушылар мұғалімдердің жалақыларын көтеру, ал халықтың әлеуметтік осал санаттарына баспана алу үшін жақсы жағдай жасау керек деген пікірлерін білдірді.

Алина Асқарова мұғалімдердің орташа жалақысын 200 мың теңгеге дейін көтеру, халықтың осал топтарын тұрғын үй сертификаттарымен қамтамасыз ету партияның маңызды міндеттері екенін айтты.

Кандидат Атыраудағы ретро саябақта кездесуі кезінде отбасын сақтау және аборт тақырыбын көтерді.  Іс-шараға қатысушылар партиядан азық-түлік бағасының өсуін тежеп, білім сапасын арттыруға көп көңіл бөлуді сұрады.

– Қараңызшы, барлығының бағасы жыл сайын өсіп келеді.  Кіріс өзгеріссіз қалады, – деді тұрғындар. Алина Асқарова барлық өзекті мәселелер партияның бақылауында болады деп сендірді.

 

Мәжіліске депутаттыққа кандидаттар Мақсат Толықбай, Алмазбек Садырбаев, Ардақ Назаров Шымкент қаласы мен Түркістан облысы Қазығұрт ауылының тұрғындарымен кездесті. Мұнда тұрғындар жерді пайдалану туралы сұрақтар қойды.

– Мемлекеттен жер алу өте қиын. Құны өте жоғары. Біз мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығын дамыту мүмкіндігіне ие болуымыз керек. Тауар өзмізде өндірілуі тиіс, – дейді тұрғындар.

Алмазбек Садырбаев азаматтардың тілегін қолдап, мемлекеттік бағдарламалардың орындалу, жерді пайдалану және бөлу сапасын бағалайтын тәуелсіз органдар қажет екенін атап өтті. Ол үшін партия жер учаскелерін цифрландыруды, бірыңғай базада жүйелеуді, шағын бизнесті салықтан, мүлік салығынан және әлеуметтік салықтан босатуды ұсынады.

– Егер біз елімізді дамытқымыз келсе, кәсіпкерлерге жағдай жасауымыз керек. Біз сондай-ақ жайылым ауданы бойынша әлемде 4-орын аламыз. Бірақ мал бағатын жер жоқ. Неліктен? Барлық жер алыптарда. Әкім жерді қамтамасыз ету мәселелеріне өз еркімен араласпауы тиіс, – деді Мақсат Толықбай.

Партия бағдарламасы туралы Мақсат Толықбай Шымкент қаласы журналистерімен кездесу барысында да айтып берді.

Ал партия бағдарламасының спорттық инфрақұрылымды дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау сияқты ережелерін депутаттыққа кандидат Ардақ Назаров Қазығұрт ауылының тұрғындарына егжей-тегжейлі айтып берді.

Мәжіліс депутаттығына кандидат Олжас Ордабаев өңірлерге жасаған жұмыс сапарларының кейбір қорытындылары туралы айта келіп: «Біз елмен жүздесуде олардың нақты проблемаларын айтамыз. Мысалы, партия міндеттерінің өзектілігі халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын адамдарды тұрғын үй сертификатымен қамтамасыз ету, бюджет қызметкерлерінің жалақысын арттыру, фермерлер мен ШОБ-ты қолдау сияқты ұсыныстарда көрініс тапқан».

Бұл туралы ол Павлодар облысында болған кезінде айтты. Онымен бірге Ақмарал Бекмырзаева да өңірге келді.

Олар Тереңкөл ауданының жұртшылығымен кездесу өткізді. Кездесуге өзін-өзі жұмыспен қамтыған кәсіпкерлер, зейнеткерлер, ауданның ауылдық округтерінің жастары көпфункционалды сайтқа қызығушылық танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.

Оның ішінде субсидиялау, ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу, сондай-ақ бос жерлердің жетіспеушілігі туралы мәселе талқыланды. Ақмарал Бекмурзаева лизинг бағдарламасының 2%-дан өзгеруін дәл осы партия пысықтап жатқанын атап өтті. Ол сондай-ақ партия өз ісін ашуға көмектесе алатынын айтты. Ол үшін партия сайтында бизнес жоспарлар бар.

Депутаттыққа кандидаттардың Железин ауданының тұрғындарымен басқа да кездесу өткізді. Жүздесуге студенттер, кәсіпкерлер келді.

Бизнес өкілдері өз ұсыныстарын айтты: «Біз кезінде «Ақ жол» партиясынан кетіп қалдық, себебі біздің бастамаларымызды жүзеге асырудағы ілгерілеушілікті көрмедік. Біз нақты елді мекендер үшін шын мәнінде қажетті жобаларды іске асыруды ұсынамыз. Партия мүшелерін халық құрметтеуі керек. Партия мүшелері, әрқайсысы өз саласында жағдайды жақсы жаққа өзгертуге тырысқан кезде Құрмет болады» – деді кездесуде.

 

 
Тегтер: бизнескүнкөрісМалпартия
Алдыңғы жаңалық

Әлемдегі бар қазақ – бір қазақ

Келесі жаңалық

«Көшенің нөпірімен ешбір саяси топ билікті ауыстыра алмайды» – Айдос Сарым

Ұқсас жаңалықтар

Мәдениет және спорт вице-министрі ұсталды деген сөз шықты
Жаңалықтар

Мәдениет және спорт вице-министрінің не себепті ұсталғаны белгілі болды

Ақпан 26, 2021
карантин
Жаңалықтар

Нұр-Сұлтан бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды

Ақпан 26, 2021
Партия күні қарсаңында «Nur Otan»-ның қатарына мыңнан астам қазақстандық қосылды
Жаңалықтар

Партия күні қарсаңында «Nur Otan»-ның қатарына мыңнан астам қазақстандық қосылды

Ақпан 26, 2021
диплом
Жаңалықтар

29 мұғалім жалған дипломмен сабақ берген

Ақпан 26, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мәдениет және спорт вице-министрінің не себепті ұсталғаны белгілі болды

Ақпан 26, 16:42

Нұр-Сұлтан бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды

Ақпан 26, 16:31

Партия күні қарсаңында «Nur Otan»-ның қатарына мыңнан астам қазақстандық қосылды

Ақпан 26, 16:21

29 мұғалім жалған дипломмен сабақ берген

Ақпан 26, 16:10

Алматы облысында АН-2 ұшағының неліктен шұғыл қонғаны белгілі болды

Ақпан 26, 15:58

Алматы облысында Ан-2 ұшағы апатты жағдайда жерге шұғыл қонды

Ақпан 26, 15:46

Мемлекеттік хатшы Жамбыл ескерткішіне гүл шоғын қойды

Ақпан 26, 15:18
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

Мәдениет және спорт вице-министрі ұсталды деген сөз шықты

Мәдениет және спорт вице-министрінің не себепті ұсталғаны белгілі болды

Ақпан 26, 2021
карантин

Нұр-Сұлтан бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды

Ақпан 26, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»