Білім беруді ұйымдастырудағы тиімді тәсіл

Білім беруді ұйымдастырудағы тиімді тәсіл

Қазақстанның Тұңғыш Пре­зиденті – Елбасы жа­рия­­лаған Бес әлеуметтік бас­та­маның бір бағыты сту­дент жастардың тұрмыс жағ­дайын жақсарту бағ­дарын ұстанғаны белгілі. Тұрмыстық жағдай жай­лы сөз қозғалғанда, тіл ұшы­на жатақханамен қам­­ту мә­­селесі алдымен ора­ла­ры анық. Қоғам үшін қа­жет­тілігі зор осынау мін­дет­ті орындау мақ­­са­тында Білім және ғы­­­лым министрлігі «Қар­жы ор­талығы» АҚ-мен бір­лесіп, мем­лекеттік тап­сы­рысты ор­­наластыру рет­­ті­лігін әзір­леп шықты. Он­да маңыз­ды іске жеке сек­­­тор­­дың кеңі­нен қа­тысу шарт­тары мен те­тіктері жан-жақ­ты жүйелі негізде қарас­тырылған.

Осыған орай, бүгінгі кү­ні ин­­вес­торлар мен жеке кә­сіп­­­кер­­лердің өзара тиімді шарт­­тар арқылы сту­денттік жа­­тақ­ха­налар құ­рылысын са­лу­ға ат­салысу мүмкіндігі мей­­лінше мол. Осы тұрғыда олар­дың бұл үдеріске ауқымды түрде, нақ­тылай түссек, тек әлеу­мет­тік ны­сан салу ретінде емес, та­бысты, тұ­рақты және келешегі кемел биз­нес-жоба ретінде назар сал­ғандары жөн. Ең бастысы, мұны іс жүзіне асырудың қолайлы ал­ғышарттары бар.

Ұсыныстың қашанда сұра­ныстан бастау алатыны баршаға мәлім жайт. Мәселен, бүгінгі таң­да ел аумағында студенттер үшін 75 мың орынжайды қол­­данысқа енгізу қажеттілігі туын­­дап отыр. Оның ішіне елі­­міз­­дің ірі қалаларынан бас­тап, об­­лыстық маңызы бар қалалар­ды қамтитын барлық өңір кіреді.

Енді студенттер жатақ­ха­насы құрылысына мем­ле­кет қаржысын салу мәсе­ле­сіне қа­йыра оралып, шарт­­ты­­лық­тар­ды талдауға талпы­ныс жасап көр­сек – ілкім­ді іске білек сы­бана кіріскен ин­вес­тор не­месе жеке кәсіпкер нысанды (жатақ­хананы) студенттер игілі­гі­не пайдалануға бергеннен кейін мем­лекет тарапынан 8 жыл бойы үздіксіз негізде мем­лекеттік тапсырысты орна­ластыру жолымен ақша төлем­дері жүргізілетін болады. Осы орайда, төлемдердің мөлшері пайдалануға енгізілген және бі­лім алушы нақты орналасқан орынжайлар санына байла­ныс­ты болатынын ескерте кеткен абзал. Жыл сайын әр орынжай үшін жаңадан жатақхана салын­ған жағдайда – 122 АЕК, ғи­маратты жатақхана ретінде ре­конструкциялау жасалған жағ­дайда 47 АЕК көлемінде қар­жы төленеді.

Бұл бастама бұдан да бө­лек табыс көзі болу мүмкін­дігімен тиімді. Өйткені сту­денттер төлейтін ай сайынғы тұру ақысы мемлекет тап­сы­рысының құнына кірмейді. Оның мөлшерін жатақхананың меншік иесі дербес реттейді және ол нақты өңірдегі тұр­ғын үй нарығының шы­найы шарт­тарына сәйкес анықталады.

Сонымен бірге құрылысты салушы немесе ғимаратқа ре­конструкция жасаушы тарап (меншік иесі) тұрмыстық қыз­меттер көрсету мақсатында ком­­мерциялық алаңдар жасақ­тау­ға құқылы. Олардың не­гізгі тұтынушылары, әрине жа­­тақ­хана тұр­ғындары болары күмәнсіз.

Жобаға қатысудың бір­ша­ма шарттары бар, оның бас­тысы – қолға алған істі іл­гері бастыру үшін бастапқы ка­питал мен жер телімінің бо­луы. Жер телімі болмаған жағ­дайда біз оны мемлекеттік-же­ке­шелік әріптестік те­тігі арқылы, өңірлердің әлеу­мет­тік-кәсіпкерлік корпора­ция­ларымен бірге жобаны баста­малау немесе консорциум құру жолымен ресурстарды біріктіру арқылы алудың бірқатар тиімді жолдарын ұсынамыз.

Сонымен қатар егер белгілі бір тұлға ғимараттың меншік иесі болса, оны жатақханаға бейімдеп реконструкция жа­сау және оған мемлекеттік тапсырысты орналастыру мақ­сатында тартынбай талаптануға болады.

Жобаны іс жүзінде жүзеге асыру жұмыстары қолға алын­ғаннан бері жоғарыда аталған мазмұндағы 38 алдын ала шарт жасалды, соның нәтижесінде 11 мыңнан астам жаңа орынжай қолданысқа тапсырылып, сту­денттер игілігіне айналмақ.

Мәселен, биылғы жылдың қараша айындағы жағдай бойын­ша 2 287 орынды қамтитын 11 нысанды пай­далануға беру қам­тамасыз етілді (Шымкент қаласы: ЖК «Кайпова» – 350, «Оңтүстік Қазақстан медицина акаде­миясы» АҚ – 250; Алматы қа­ласы: Қазақстан инженерлік-тех­но­логиялық университеті – 188, Қ.Сәтбаев атындағы Қа­зақ ұлттық техникалық уни­верситеті – 260; Ақтау қаласы: ЖК «Гусейнов» – 180, Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технология және инжиниринг университеті – 170; Қарағанды қаласы: ЖК «Рыспаева» –100; Семей қаласы: «Қайнар» жо­­ғары колледжі – 105, Өс­ке­мен қаласы: «Қазақстан-Аме­­ри­кандық еркін уни­вер­ситеті» ЖШС – 106; Пав­лодар қаласы – RnR Group ЖШС – 178, Қызылорда қаласы – «ДиЛМАШ» ЖШС – 330 орын).

Жобаға қызығушылық та­нытқан мүдделі тараптарға қа­тысу шарттарымен толық та­нысу үшін studdom.kz сайтына кіру және 8-8000-802-828 нө­мірі арқылы БҒМ Қаржы орта­лығының колл-орталығына ха­барласу қажет. Ал одан кейінгі қадам – шарт жасасу үшін Қаржы орталығына өтініш беру керек.

Біз, әрине мәуелі же­мі­сін берер екіжақты тиімді әріп­тес­тікке қашанда мүдделіміз.

 

«Қаржы орталығы» АҚ